Доллар бағамы 2022 жылдың наурызынан бергі ең жоғарғы деңгейге дейін жетті

Ұлттық банк 8 қазанға бекіткен американдық валютаның ресми бағамы 484,37 теңге құрады. Бұл бүгінгі күннің деңгейіне қарағанда 0,5%-ға көп. Соңғы айларда доллар 480 теңге, яғни шартты түрдегі межесінен жиі асатын болған. Data Hub дерегінше, техникалық тұрғыдан қазіргі көрсеткіш 2022 жылдың наурызынан бергі ең жоғарысы болып тұр.

Еуроның ертеңгі бағамы – 531,06 теңге. Бұл бүгінгіге қарағанда 0,1%-ға ғана аз болса да, қыркүйектің ортасынан бергі ең үздік нәтиже.

Сондай-ақ рубль де әлсіреп барады. Ертеңгі деңгейі – 5,05 теңге. Бұл бүгінгіге қарағанда 0,4%-ға аз. Сонымен қатар шамамен төрт айдағы, яғни маусымның ортасынан бері, ең төменгі деңгей болып отыр.

Naryk.kz мәліметінше, сарапшылар жыл соңына дейін доллар 464 теңгеге дейін түсетінін айтады.

Ұлттық Банктің бұйрығымен жүргізілген кезекті сарапшылар сауалнамасының нәтижесінде, тамыз айындағы зерттеумен салыстырғанда ұлттық валюта 2024 жылдың соңына қарай 464 теңге/$1 (бұрын 461,2 теңге болған) нығаяды деп болжанып отыр. 2025 жылы доллар, олардың пікірінше, 484 теңге/$1 (479 теңгенің орнына).

2024 жылға Brent маркалы мұнай бағасының болжамы барреліне 83,5 доллардан 80 долларға, 2025-2026 жылдарға – 80 доллардан 70 долларға дейін төмендетілді.

Сурет: pixabay.com

Әлеуметтік желілер арқылы бөлісуді ұмытпаңыз

Добавить комментарий