Биыл 89 Қытай азаматы докторантура бағдарламасы бойынша Қазақстанда оқып жатыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп.
Ұлттық Статистика бюросының мәліметінше, 2024-2025 оқу жылында Қазақстанның докторантура бағдарламаларына Қытай азаматтардың қызығушылығы жыл сайын артып келеді.
Шетелдік докторанттар арасында қытайдан келген азаматтар студенттердің 65%-ын құрайды.
«Бұл көрсеткіш Қазақстандағы ғылыми дәрежеге қызығушылық танытқан шетелдік азаматтардың жалпы санының артуына тікелей әсер етті. 2023 жылмен салыстырғанда, қытайлық докторанттардың саны 1,5 есеге өсіп, 137 адамға жетті. Бұл соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіш» — деп жазды DATA HUB аналитикалық арнасы.
Алайда Қытай азаматтары қазақстандық докторантураға түскен барлық студенттердің тек 3%-ын құрайды.
Сурет: gostudy.cz