Таяуда заңға дипфейкті теріс мақсатта қолданғандарға және таратқандарға қатысты жауапкершілік енгізіледі. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун хабарлады.
Дипфейк (deepfake) — жасанды интеллект арқылы адамның бейнесі мен дауысын шынайы көрінетін етіп қолдан жасайтын технология.
«Енді дипфейкті қолданғандар жауапкершілікке тартылады. Жасанды интеллект арқылы өнім жасаған кезде тұтынушылар бұны білуге тиіс. Тиісті жазалар мен нормалар қылмыстық кодекс пен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енеді», – деді Мун.
2025 жылдың сәуірінде желіде әкімдер, саясаткерлер мен журналистердің бейнесі қолданылған дипфейк видеолар тарады. Бұл технологияның құрбанына айналғандардың қатарында премьер-министр Олжас Бектенов пен Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері, Самал Ибраева, Асхат Ниязов және Динара Сатжан бар.
фото: freepik.com

