Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 7 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Депутаттар банктер «Қазпоштаға» қосымша ақы төлеуі тиіс екенін айтты
Наргиза Ерес sarapshy.info 04/12/2024

Депутаттар банктер «Қазпоштаға» қосымша ақы төлеуі тиіс екенін айтты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Қазпошта» АҚ ауыл тұрғындарына зейнетақы мен жалақы жеткізу қызметіне жыл сайын 10 миллиард теңге жұмсайды. Мәжіліс отырысында компанияның басқарма төрағасы Әсел Жанасова пошташылардың жалақысын көтеру жоспарда бар екенін мәлімдеді. 

Ауылдық жерлерде екінші деңгейлі банктердің филиалы мен банкоматы жеткіліксіз болғандықтан, «Қазпошта» 300 банкомат пен көптеген бөлімше, касса арқылы қаржылық қызмет көрсетеді.

«Пошта қызметі ауыл мен қала арасындағы қантамыр іспетті. Расында, екінші деңгейлі банктер ауыл азаматтарына карта ашқанымен, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етпейді. Ал тариф қала және ауыл деп бөлінбейді, бәріне бірдей. Бұл қызметті ұйымдастыру үшін күзет, инкассаторлар, ғимараттар керек. Біз осы жұмысты бұдан ары қарай да дамытамыз. Заңға ұсынылып отырған өзгерістер сол жұмысымызды жүргізуге оң ықпал етеді», – деді Әсел Жанасова.

Алыс аймақтардағы қызметтерді ұйымдастыру үшін күзет, инкассация және ғимараттарды ұстау шығындары талап етіледі. Депутаттар екінші деңгейлі банктерді ауылдарда инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге міндеттеу мәселесін көтерді. Олардың сөзінше, банктер «Қазпошта» инфрақұрылымын пайдаланғаны үшін ақы төлеуі қажет.

Бұл туралы депутат Қарақат Әбден де пікір білдірді:

«Екінші деңгейлі банктер өз филиалдарын немесе банкоматтарын ауылды жерлерде ашуға асықпайды. Бірақ ауыл адамдарына қуана-қуана карта ашып беріп, клиенттік базасын кеңейтіп жатыр. Бұл орайда банк инфрақұрылымының қызметі үшін шығындар ауыл тұрғындарының мойнына жүктеліп жатқан жоқ па?» – дейді. 

Осыған дейін Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров ауылдардағы пошта қызметі жабылып жатқанын айтып, Үкіметке депутаттық сауал жолдады. 

Сауалда «Қазпоштаның» 2022 жылы 33, ал 2023 жылы 13 бөлімшесі жабылғанын хабарлады. Егер бұл үрдіс жалғаса берсе, 900-ге жуық бөлімше жабылуы мүмкін. Депутат шекаралас елді мекендердегі «Қазпошта» бөлімшелерінің жабылуы мемлекеттік саясаттың осы өңірлерде әлсіреуіне әкелуі мүмкін екенін және ұлттық қауіпсіздікке әсер ететінін айтты. Ол мерзімді баспасөз басылымдарын жеткізуді субсидиялауды ұлғайту, ауылдық жерлерді дамыту бағдарламалары аясында «Қазпоштаға» әкімдіктердің қаражатын орналастыру және пошта бөлімшелерін мемлекеттік ғимараттарда өтеусіз негізде орналастыруды ұсынды.

Сайыровтың депутаттық сауалына Прьемер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жауап берді. Оның жауабында ауылдық елді мекендерге мерзімді баспасөзді жеткізу тарифін 17,6 теңгеден 80 теңгеге дейін ұлғайту мәселесі қарастырылып жатқаны айтылған. Сондай-ақ «Қазпошта» арқылы ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын қаржыландыру бюджет заңнамасына сәйкес келмейтіні көрсетілген. 

Пошта бөлімшелерін әкімдіктер ғимараттарында өтеусіз орналастыру мүмкін емес, өйткені бұл ережелерге қайшы. Ауылдарға зейнетақы жеткізу тарифі 319 теңге болып бекітілген, бірақ бұл тарифті қайта қарауға қажеттілік туындамаған. Жалпы, «Қазпошта» қызметі Үкіметтің бақылауында екенін жеткізген. 

Сурет: post.kz

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Қазпошта» АҚ банкомат депутаттық сауал екінші деңгейлі банктер Зейнетақы мен жалақы Мәжіліс отырысы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

07/07/2025
sarapshy.info

Алматыда кеден бекетінен заңсыз тауарларды өткізген топ сотталды

04/07/2025
sarapshy.info

Парамен ұсталған екі вице-министр сот санкциясымен қамауға алынды

03/07/2025

Жаңа мақалалар

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

sarapshy.info 07/07/2025

Техаста су тасқынынан қаза тапқандардың саны 82 адамға жетті

Әлем жаңалықтары 07/07/2025

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

Экономика 04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

Экология 04/07/2025

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

Шолу 04/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

07/07/2025

Техаста су тасқынынан қаза тапқандардың саны 82 адамға жетті

07/07/2025

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

04/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.