Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Четверг, 4 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Сарапшы пікірі»Депозит сыйақысының тиімді мөлшерлемесін инфляция құнсыздандырады
Дария Ғұмар Сарапшы пікірі 29/07/2025

Депозит сыйақысының тиімді мөлшерлемесін инфляция құнсыздандырады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Маусым айында жеке тұлғалардың депозиттері бойынша орташа мөлшерлеме 14,2%-ды құрады. Ұлттық банктың деректеріне сәйкес, аталған мөлшерлеме 1996 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш саналады.

Қаңтардан мамырға дейін банктер ұсынатын сыйақының тиімді мөлшерлемелері артты. Бұл үдеріс негізінен ақша-несие саясатының қатаңдауымен байланысты.

Мамыр және маусым айларында жеке тұлғалар үшін 16,3%-дық мөлшерлемемен 1–3 айлық депозит ашу мүмкіндігі пайда болды.

Ал заңды тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлеме үш ай қатарынан 15,4% деңгейінде сақталып тұр.

Несиелік мөлшерлемелерге тоқталсақ, жеке тұлғалар үшін орташа сыйақы 20,3%-ға дейін төмендеді (мамырмен салыстырғанда 1,2 пайыздық тармаққа кем), ал заңды тұлғаларға берілген несиелер бойынша мөлшерлеме 19,1%-ға жетіп, бір айда 0,4 пайыздық тармаққа өсті.

Экономист маман Нұрсұлтан Ерболатұлы Sarapshy.Info-ға берген сұхбатында инфляция деңгейімен күресу үшін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жоғары деңгейде ұстап, қатаң ақша несие саясатын ұстанатынын атады.

«2025 жылдың маусымында елімізде инфляция деңгейі 11,8%-ды құрады. Депозит сыйақысының тиімді мөлшерлемесі жоғары болғанымен ол табысты уақыт өте келе инфляция жеп қояды. Екіншіден, теңгенің долларға құнсыздануы жалғасып келеді. Маусымда доллардың бағамы антирекордқа жетті.

Базалық мөлшерлеме өскен сайын несиенің де құны артады. Сәйкесінше депозит ставкасы да тұтынушы үшін тартымды болады.

Егер елде инфляцияның өсу қарқыны ауыздықталмаса, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені әрі қарай көтере алады. Жоғары базалық мөлшерлеме несиені қымбат етіп, экономиканы кредиттеу тарылады. Дегенмен де несиенің жоғары пайызына қарамастан тұтынушылық несие азаймай тұр. Бұл тұтынушыға пайыздың өсімі әсерін беретіні екіталай екенін көрсетіп отыр», — деді сарапшы.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025-2026 жылдардағы базалық мөлшерлеме Базалық мөлшерлеме депозит депозиттегі қаржы Жылдық инфляция ҚР Ұлттық банкі Несие Нұрсұлтан Ерболатұлы Теңге бағамы Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
Саясат

«Қоғамдық кеңестердің қолында ешқандай тетік жоқ»

26/11/2025
жаңалық

Оралда колледж директоры қыруар шәкіртақыны қалтаға басқан

19/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.