Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Цифрлық теңге: Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа құралы ма?
Ақбота Ахмет sarapshy.info 30/01/2025

Цифрлық теңге: Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа құралы ма?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Цифрлық технологиялардың дамуы әлемдегі қаржы жүйелерінің түбегейлі өзгеруіне әкелуде. Қазақстан да бұл үрдістен шет қалмай, Ұлттық банктің цифрлық валютасын – цифрлық теңгені енгізу бағытында белсенді қадамдар жасап келеді.

Оның басты мақсаттының бірі – қаржы операцияларының ашықтығын арттырып, сыбайлас жемқорлықпен күрес. Бірақ цифрлық теңге көлеңкелі экономиканы шектеуге, бюджеттік шығыстарды бақылауды жақсартуға және алаяқтықты азайтуға қалай көмектеседі?

Цифрлық теңге – бұл Қазақстанның Ұлттық банкі шығаратын ұлттық валютаның электронды түрі. Бұл криптовалюталардан айырмашылығы – толықтай мемлекеттік қаржы органдарының бақылауында және заңды төлем құралы мәртебесіне ие. Цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қол емес ақшаны толықтырып, қаржы жүйесінің икемділігі мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Жемқорлыққа тосқауыл

Цифрлық теңгенің басты артықшылықтарының бірі – қаржы қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылау мүмкіндігі. Әрбір транзакция қорғалған дерекқорда немесе блокчейн жүйесінде тіркеліп, ақша аударымын жасыруды қиындатады. Мысалы, егер мемлекеттік қызметкер немесе шенеунік заңсыз сыйақы алуға тырысса, бұл қаражат бірден реттеуші органдардың назарында болады. Осылайша, цифрлық теңге парақорлық пен басқа да жемқорлық схемаларын айтарлықтай төмендете алады.

Сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар мен бюджет қаражатын бөлу кезінде жемқорлық тәуекелдері туындайды. Цифрлық теңгені қолдану арқылы «ашық бюджет» жүйесін енгізуге болады. Онда жұмсалған әр тиынның қозғалысы нақты уақыт режимінде бақылап отыруға болады. Мысалы, егер мемлекет жол немесе аурухана салуға қаражат бөлсе, цифрлық теңге жүйесі бұл қаражаттың мақсатына сай жұмсалғанын қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе енді елдегі жолдардың құрылысында қолданылмақ. Себебі аталған салада жемқорлық фактілері жиі тіркеледі.

Бұл тұста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Қазақстанның жол саласын «ең проблемалы саланың бірі» деп таныды. Сондықтан жол құрылысы жұмыстарын жүзеге асыру кезінде цифрлық теңгені қолдану туралы шешім қабылданған. Айта кететіні, былтыр агенттік қызметкерлері 1,2 мың сыбайлас жемқорлық қатеріне және жалпы сомасы 11 млрд теңгеге шығындар сметасын асыра бағалауға қатысты 591 фактіні анықтап үлгерген. Қазіргі уақытта Қазақстанда цифрлық теңгенің көмегімен мұндай фактілерге тосқауыл қою ұсынылып отыр.

«Жобаны бүкіл жол саласына қатысты қолдану туралы шешім қабылданды, бұл проблемалық салалардың бірі. Бюджеттік қаражатты жоспарлау мен оның қозғалысының барлық циклі цифрландырылатын болады», — деп жазылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Көлеңкелі экономикамен күрес

Қазақстанда басқа елдердегідей көлеңкелі экономикада қолма-қол ақшамен есеп айырысу жиі кездеседі. Бұл қаржының жұмсалуын бақылау мүмкіндігін қиындатады. Цифрлық теңге осы  операцияларды заңды алаңға шығарып, ірі қаржы ағымдарын мемлекеттік органдарға көрінетіндей етеді. Мысалы, егер кәсіпкер табысын жасырып, қызметкерлеріне еңбекақыны «конвертпен» төлесе, цифрлық теңгені қолдану мұндай заңсыз әрекеттерді оңай анықтауға және тоқтатуға көмектеседі.

Офшор аймағына ақша шығару қиындайды

Жалған компаниялар, көзбояу арқылы жасалатын мәмілелер және офшорлар арқылы заңсыз қаржы айналымы – сыбайлас жемқорлықтың басты проблемаларының бірі. Цифрлық теңгені енгізу бұл процесті қиындатады, өйткені ірі қаржы операцияларына қатаң тексерістер енгізіледі.

Әлеуметтік төлемдерді бақылауды күшейту

Қазақстанда жыл сайын әлеуметтік жәрдемақылар, субсидиялар және басқа да төлемдер үшін миллиардтаған теңге бөлінеді, алайда бұл қаражаттың барлығы мұқтаж азаматтарға жетпей жатады. Жуырда ғана Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Үкімет сағатында МӘМС-тің жұмысын сынға алған еді. Ол бес айында әлі тісі шықпаған баланың тісін емдеуге,  бір адамның 82 тісін емдеуге төлем жасау туралы өтініш бергендерге қатысты фактіні атады. Цифрлық теңгені пайдалану мұндай алаяқтық әрекеттерді азайтып, мемлекеттік көмектің нақты мұқтаждарға жетуін қамтамасыз етеді.

Цифрлық теңге қай салаларда қолданылады?

  1. Мемлекеттік сектор
  • Бюджеттік шығындарды бақылау
  • Электронды мемлекеттік сатып алулар
  • Әлеуметтік төлемдерді ашық бөлу
  1. Бизнес және шағын кәсіпкерлік
  • Кәсіпорындар арасындағы қолма-қол ақшасыз төлемдер
  • Салық төлемдерін бақылау
  • Қаржылық есептіліктің ашықтығы
  1. Әлеуметтік бағдарламалар
  • Цифрлық форматтағы субсидиялар мен жеңілдіктер
  • Халыққа мақсатты әлеуметтік көмек
  • Әлеуметтік қолдау саласындағы жемқорлық схемаларын азайту
  1. Қаржы нарығы
  • Банкаралық төлемдердің жылдам әрі қауіпсіз орындау
  • Клиенттерді алаяқтықтан қорғауды күшейту
  • Несие мен инвестицияларға қолжетімділікті жеңілдету

Қандай қиындықтар болуы мүмкін?

Цифрлық теңгенің айқын артықшылықтарына қарамастан, оның енгізілуі бірнеше қиындықтарға әкелуі мүмкін:

  • Техникалық мәселелер: ол үшін қауіпсіз әрі сенімді инфрақұрылым қажет.
  • Деректер құпиялылығы: ашықтық пен жеке ақпаратты қорғаудың арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды.
  • Кей топтардың қарсылығы: цифрлық теңгенің енгізілуі кейбір топтардың қарсылығын тудыруы мүмкін.

Цифрлық теңге – бұл жай ғана жаңа ұлттық валюта емес, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес және қаржы ашықтығын арттырудағы маңызды құрал. Оны енгізу мемлекетке бюджеттік шығындарды тиімді бақылауға, көлеңкелі экономиканы қысқартуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға көмектеседі. Алайда, бұл бастаманың сәтті жүзеге асуы заңнамалық реформаларды, технологиялық инновацияларды және қоғамның қолдауын талап етері анық.

Sarapshy.info сайтында жаңа құрал қызметі туралы материал жарияланды.

 

Ақбота Ахмет

Сурет: Canva.com

Автор

  • Ақбота Ахмет

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетін «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша бітірген. «Хабар», Caspionet, «Білім және Мәдениет» телеарналарында редактор- сценарист, Atameken Business медиа холдингіне қарасты inbusiness.kz сайтында тілші болған.

    Барлығын қарау
Екінші ақпарат жемқорлық Көлеңкелі экономика Қаржы нарығы МӘМС Мемлекеттік сектор офшор аймақ субсидия Сыбайлас жемқорлық ұлттық валюта Цифрлық теңге цифрлық технология
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
Шолу

Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс бар?

27/11/2025
жаңалық

БҚО-да 30-дан астам мемлекеттік нысан жекенің қолына өтеді

24/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.