Биыл елде отынның заңсыз айналымы 20%-ға қысқарды. Бұл туралы Энергетика министрі Үкімет отырысында хабарлады.
2025 жылы қолданысқа «Oil transportation management» ақпараттық жүйесі еніп, мұнай жеткізу кестесі 7 күннен 2 күнге дейін қысқарды. Ал 123 мұнай базасын қамтитын «Oil Track» жүйесі мұнай өнімдерінің айналымын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, жақында Қазақстанда АИ-92 бензинінің қымбаттауына және сұйытылған мұнай газының жетіспеушілігіне қатысты азаматтардың шағымдарын қабылдайтын жедел желі іске қосылды.
2025 жылдың 29 наурызынан бастап Қазақстанда жанармайдың заңсыз экспортымен күресу үшін автомобильдердің зауыттық параметрлеріне сәйкес келмейтін стандартты емес бактарда отын шығаруға тыйым салынды.
Таяуда Ақтөбе облысында жалған құжаттармен 400 тоннаға жуық мұнай өнімін тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды.
фото: freepik.com

