ChatGPT медицина, құқық қорғау және тағы бірқатар салалар бойынша кеңес беруді тоқтатты. Бұл туралы OpenAI компаниясвның баспасөз қызметі хабарлады.
29 қазаннан бастап ChatGPT-да құқық және медицина, жұмыспен қамту, тұрғын үй қаржы, несие және сақтандыру, көші-қон, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелері қозғауға тыйым салынады. OpenAI бұл ережелерді бұзған қолданушының аккаунты бұғатталуы мүмкін екенін ескертті.
Компанияның мәлімдеуінше, енді ChatGPT өзін білім беруге арналған ресурсқа айналады.
«Жарты миллион пайдаланушыдан психикалық ауытқу байқалады» — OpenAI
OpenAI компаниясының дерегіне сәйкес, апта сайын 500 мың қолданушыдан психоз немесе маниакальді белгілер байқалады.
Компания мұндай жағдайларды нақты анықтау мен талдау қиын екенін мойындап, зерттеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.
«Психикалық денсаулық пен эмоциялық күйзеліс – әмбебап құбылыстар, және аудитория өскен сайын ChatGPT-пен мұндай тақырыптардағы әңгімелер де көбейеді», – делінген компания хабарламасында.
Тура бір жыл бұрын АҚШ-та 14 жастағы жасөспірім чат-ботпен сөйлескеннен кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Оның анасы жасанды интеллектіні әзірлеген компанияны сотқа берді. Флорида штатының тұрғынының айтуынша, ұлы Сьюэлл бірнеше апта бойы виртуалды әңгімелесушімен жиі сөйлесіп, оны «негізгі қолдау көзі мен кеңесшісі» ретінде қабылдаған.
фото: freepik.com

