Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Өте өзекті»Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолын жөндеу тағы кейінге шегерілуі мүмкін. Мердігер қосымша қаражат сұрап отыр
Редакция Өте өзекті 13/08/2025

Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолын жөндеу тағы кейінге шегерілуі мүмкін. Мердігер қосымша қаражат сұрап отыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жаңақала  ауданы  бойынша  облыстық  маңызы  бар  автомобиль  жолының  жалпы  ұзындығы  – 172 шақырым. Осы жол арқылы тұрғындар аудан орталығынан Орал қаласына және Бөкей ордасына тікелей қатынайды. Қазіргі уақытта трассаны жөндеу күрделі мәселеге айналып отыр.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша 2024-2025 жылдары Чапаев-Жаңақала-Сайқын автожолының 40 шақырымы жөнделуі тиіс.  

Жобаны кешіктірген мердігер айыппұл төледі

Жобаның бас мердігері – «Ануш-Құрылыс» ЖШС, ал техникалық қадағалаушы мекеме – «Қостанай Спецстрой» ЖШС. Жобаның жалпы шарттық құны – 2,8 млрд теңге. 2024 жылы бұл жұмысқа 1,596 млрд теңге бөлінген. Оның 478,8 млн теңгесі құрылыс материалдарын дайындауға жұмсалған. Мердігер мекеме міндеттемелерін толық орындамай, 2024 жылы тек 5,7 шақырым жолды жөндеген. Бірақ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» жүргізген сараптама қорытындысына сәйкес мердігер жұмысы қабылданбаған. Соған қарамастан жол жөндеу жұмысы 2025 жылдың шілде айында жалғасқан.

Биыл Чапаев-Жаңақала-Сайқын аутожолын жөндеу жұмысы толық аяқталады деп жоспарланған. Уақтылы бітіру үшін алдын ала 500 млн теңге бөлінген. Алайда нысанды толық аяқтау үшін қосымша 1,9 млрд теңге қажет. Осыған байланысты облыстық бюджеттік комиссияға тиісті бюджеттік өтінім  жолданған.

2024-2025 жылдары Чапаев-Жаңақала-Сайқын автожолының сапасына байланысты тұрғындардан ресми түрде төрт шағым тіркелген.

2024 жылы жұмыс кестесінен кешігуіне байланысты жол басқармасы сотқа талап-арыз жолдады.

Соттың шешіміне сәйкес «Ануш-Құрылыс» ЖШС-ға 11,5 млн теңге тұрақсыздық айыбы салынған.

Айыппұл салумен мәселе шешіле ме? Бұл – құқықтық тетік, бірақ ол мәселені түбегейлі шешпейді. Түпкі нәтиже – сапалы жол, ал оған жүйелі бақылау мен қаржылық тәртіп арқылы ғана қол жеткізуге болатынын  көріп  отырмыз.

Мердігер  не  дейді?

«Ануш-Құрылыс» ЖШС басшысы Оганнес Минасян 2024 жылғы көктемде Батыс Қазақстан облысында болған су тасқыны құрылыс саласына кері әсер етті деп есептейді.

Оның айтуынша, табиғи апат кезінде компанияның  техникалық және еңбек ресурсы түгелімен төтенше жағдайға қарсы жұмылдырылған. Төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін де құрылыс техникаларының басым бөлігі істен шығып, қайта қалпына келтіру уақыт алған. Бұл жағдай жоспарланған инфрақұрылымдық жобалардың уақтылы басталуына кедергі келтірген. Соның салдарынан жол салу жобасының іске асуы кешігіп, бөлінген бюджет қаражатының уақтылы әрі толық игерілуіне қауіп төнді.

Жоба бойынша қажетті құрылыс материалдары сатып алынғанымен, орындалған жұмыстар актісі тапсырыс беруші тарапынан қабылданбай, бөлінген қаражат бюджетке кері  қайтарылған. Ал биылғы жағдай бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізіліп, тиісті есептер жасалған. Құжаттар тек 2025 жылдың 25 маусымында ғана бекітілді.

Жөндеу жұмысы мамыр айында басталғанымен, бірқатар себепке байланысты уақытша тоқтатылған. Бірақ қазір қайта басталған. «2025 жылы Чапаев-Жаңақала-Сайқын бағытындағы жолдың орташа жөндеу жұмыстары аяқтала ма?» деген сұраққа нақты жауап беру әзірге мүмкін емес. Себебі мердігер «Ануш-Құрылыс» ЖШС басшысының айтуынша, жоба толық  қаржыландырылмаған.

Биыл облыстық  жолаушылар көлігі және аутомобиль жолдары басқармасынан бұл жобаға небары 500 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Алайда құрылыс маусымының қызған шағында орындалған жұмыстар актісінің төленбеуі жобаның әрі қарай жалғасуына кедергі келтіріп отыр. Мердігердің мәлімдеуінше, 2024 жылы осы жол учаскесіне сатып алынған құрылыс материалдарды қаржыландыру толық әрі уақтылы жүргізіліп жатқан басқа нысандарға бағыттауға мәжбүр болған. Қазіргі таңда компания асфальтбетон қоспасын дайындауға қажет материалдарды толық көлемде сатып ала алмай отыр.

Оның үстіне, жол төсемінің негізі төселгенімен, асфальтбетон жабыны уақтылы төселмесе, жолдың бүлініп, ақаулардың пайда болуына әкеліп соғуы әбден мүмкін. Қысқасы, қаржылық қиындықтар мен ұйымдастырудағы келеңсіздіктер тұрғындардың сапалы жолға деген үмітін кейінге  ысырып   отыр.

SSS STORY GROUP сенімді ақтамай отыр

Аутомобиль жолдарын күтіп ұстау және жөндеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтері мен стандарттарына сәйкес жүргізіледі:

  • ҚР ҚНжЕ 3.03.09-2013 «Аутомобиль жолдары», ҚР СТ 14-12 «Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құрылғылары»,
  • ҚР СТ 1125-2002 «Жол белгілері»,
  • ҚР ЕР 218-29-2016 «Аутомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау бойынша техникалық ережелер»
  • ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы №56 бұйрығымен бекітілген нұсқаулық.

Чапаев-Жаңақала-Сайқын бағытындағы 0-130 шақырым жол бөлігін күтіп ұстау жұмыстының сапасы мен тиімділігі де көңілге күмән ұялатады. Бұл іске 2024 жылғы 11 сәуірде жасалған №44 келісімшартқа сәйкес «SSS STORY GROUP» ЖШС жауапты. Аталған мекеменің басшысы – Жаңақала аудандық мәслихаттың депутаты Саламат Сертеков.

Жеңіс  Қуанов, такси  жүргізуші:

– Мен Орал қаласына тұрақты, заңды түрде жолаушы тасымалдаймын. Жолдың зардабын жолаушылармен бірге күнде тартып жүргендердің бірімін. Әсіресе жаз мезгілінде қалаға қатынайтын адам саны артатындықтан, жолдағы қиындық үдей түседі. Жолдың нашар күйі талай әріптесімді шығынға батырды: бірінің тегершігі жарамсыз болса, енді бірінің дискісі майысып қалуда. Біз бұлардың бәріне куә болып жүрміз. Жүргізушілер жолдағы ойықтар мен шұңқырлардан қашамыз деп, апатты жағдайға тап болуы мүмкін. Бұл – тек көлік иелері емес, жолаушылар өміріне де тікелей қауіп. Сондықтан жолға бөлінген қаражаттың мақсатты әрі уақтылы игеріліп, сапалы жөндеу жүргізілуін талап етеміз. Бұл – тек менің емес, такси жүргізушілері атынан  айтқан  өтінішім.

Жолды күтіп ұстауға 2024-2025 жылдары 166,7 млн теңге бөлінген. Алайда бөлінген қаржы мен күтіп ұстау сапасының сәйкес емес екені байқалады. БҚО ПД мамандарымен бірлескен көктемгі-күзгі кешенді тексерулер нәтижесінде 2024 және 2025 жылдары бірнеше кемшілік анықталған. Аталған тексерістер нәтижесінде «SSS STORY GROUP» ЖШС-ға бірнеше мәрте ескерту беріліп, жолданған нұсқамаларда көрсетілген кемшіліктерді уақытында жоймағаны үшін нақты шаралар қабылданған. Мәселен, 2024 жылы жол басқармасы тарапынан 2 рет, биыл 1 рет әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар аудандық әкімшілік полиция бөлімі былтыр 4 хаттама, биыл 3 хаттама толтырып, айыппұл  салған.

Бұл фактілер мердігер ұйымның өз міндеттемелерін толық әрі уақтылы орындамай отырғанын айғақтайды. Тиісті бақылау құрылымдары тарапынан шаралар қолданылғанымен, бұл мәселелер жол сапасына түбегейлі оң әсер етіп отыр деп айту қиын. Осы жағдайға байланысты мердігерден мән-жайды  сұрап  білген  едік.

– «SSS STORY GROUP» ЖШС тапсырыс берушімен 3 жылға келісімшартқа отырды. Қызметіне қыста қар ашу, құм себу, жазда жол жанындағы шөпті шабу, жол белгілерін қондыру, тазалық жұмыстары, жол шұңқырларын жөндеу, жол жиегін сызу жұмыстары кіреді. Қазіргі таңда техникаларымыз жеткілікті. Ақжайық ауданының шекарасында 0-49 шақырым жол шұңқырларын бітеу басталды. Жыл сайын басқарма тарапынан берілген тапсырмаларды орындап отырмыз, – дейді  компания басшысы.

Бірақ тұрғындар басқа ойда. Жаңақалалықтар  осы трассаның жөнделуін асыға күтіп жүр.

Үмітай  Меңдешева, ауыл  тұрғыны:

– Жаңақала-Чапаев тас жолының жағдайы өте мүшкіл. Халық наразылық білдірмесе, бұл мәселе қозғалар ма еді, білмеймін. Сонда үнсіз отырсақ, жол сол күйі жөнделмей қала бере ме? Ал жұмысты алған мердігер неге өзіне жүктелген міндетке жауапкершілікпен қарамайды? Бұл жолмен қаншама адамның тағдыры, күнделікті тіршілігі тікелей байланысты. Өз басым – балам қалада оқыған соң апта сайын қалаға барып тұратын ата-аналардың бірімін. Сондықтан осы іске жауапты адамдар ашық көрсетіліп, нақты шаралар қолға алынуы керек  деп  есептеймін.

Сыйлыхан Жұмасалық

фото: freepik.com

Автор

  • Редакция

    Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.

    Барлығын қарау
автожол Жаңақала Жаңақала жолы Үшінші ақпарат Чапай-Жаңақала-Сайқын
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Өте өзекті

Орал дүкендерінде тұз тапшы болып жатыр: Ресей экспортты тоқтатты

28/11/2025
Саясат

«Қоғамдық кеңестердің қолында ешқандай тетік жоқ»

26/11/2025
Өте өзекті

БҚО-да электр желісі 86% тозған: компания тағы да тариф көтеруді ұсынады

21/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.