Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 5 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстандықтар банктерге 35 трлн теңге қарыз
Наргиза Ерес sarapshy.info 25/01/2025

Қазақстандықтар банктерге 35 трлн теңге қарыз

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан халқының банктерге қарызы 2024 жылдың бірінші желтоқсандағы дерек бойынша, 35 трлн теңге болған. Бұл туралы Ratel.kz редакциясы Ұлттық банкке сілтеме жасап, хабарлады. 

Бұл соманың жартысынан астамы жеке тұлғалардың үлесіне тиесілі. Ұлттық банктің мәліметінше, халықтың қарызы өткен жылдың қаңтарынан бері 3,7 трлн теңгеге өсіп, 16,6 трлн теңгеден 20,3 трлн теңгеге жеткен. 

Жалпы қарыздың негізгі бөлігі ұлттық валютада рәсімделген – 30,9 трлн теңге, ал шетел валютасындағы қарыз көлемі – 4,1 трлн теңге. Елдегі жалпы қарыз 2024 жылдың алғашқы 10 айында 5,2 трлн теңгеге ұлғайды (29,8 трлн теңгеден 35 трлн теңгеге дейін).

Халықтың қарызы, соның ішінде жеке тұлғалардың банктерге қарызы — 20,3 трлн теңге, ипотекалық несиелерге 5,9 трлн теңге, тұтынушылық мақсаттарға 13,5 трлн теңге, басқа мақсаттарға 851 млрд теңге болған.

Кәсіпкерлік субъектілер банктерден 14,7 трлн теңге несие алған. Оның ішінде, шағын бизнеске – 6,8 трлн теңге, орта бизнеске – 2 трлн теңге, ірі бизнеске – 5,8 трлн теңге,

Кәсіпкерлер, әсіресе ірі бизнес субъектілері, шетел валютасындағы несиелерді көбірек пайдаланады. Бұл сегменттің үштен бір бөлігі шетел валютасында рәсімделген.

Өңірлер бойынша жағдай

2023 жылғы деректерге сәйкес, несиелердің ең көп көлемі Алматыда рәсімделген – 4,7 трлн теңге. Екінші орында Астана (2,7 трлн теңге), үшінші орында Шымкент (1,1 трлн теңге). Басқа өңірлерде несие көлемі шамамен бірдей (380–470 млрд теңге). Қарағанды облысы ерекше көзге түседі – мұнда қарыз көлемі 1 трлн теңгеге жеткен. Ең төменгі көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан (222 млрд теңге) және Ұлытау облыстарында (155 млрд теңге) байқалады.

Несиелер бойынша мерзімі өткен төлемдер деңгейі ел бойынша төмен. 16,6 трлн теңгенің ішінде тек 397 млрд теңге немесе шамамен 2,5%-ы мерзімі өткен.

Ал халықтың депозиттер бойынша жинағы жоғары. 2023 жылдың соңында қазақстандықтардың банктердегі жинақтары 16,1 трлн теңге болған. Алматы тұрғындары депозиттер бойынша көш бастап тұр – 4,8 трлн теңге, Астана – 1,8 трлн теңге, ал Шымкент – 673 млрд теңге.

 

Сурет: Pixabay

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
банкке қарыз ипотекалық несие кәсіпкерлер тұтынушылық мақсаттар ұлттық валюта Шағын бизнес шетелдік валюта
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
Экономика

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.