Бразилияның тергеу комиссиясы Ақтауда апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының қара жәшігіндегі ақпаратты Қазақстанға жіберді. Бұл туралы бразилиялық g1.globo басылымы жазды.
Басылымның мәліметінше, әуе оқиғаларын тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) осы дүйсенбіде (6 қаңтар) Қазақстанда апатқа ұшыраған Embraer ұшағының қара жәшіктерін талдауды аяқтады.
Бразилия Әскери әуе күштері тергеу жұмыстарын бақылау үшін Қазақстан, Әзербайжан және Ресейден тергеушілер Бразилияға келгенін және олар деректерді тіркеу процесін бақылап, сенбі күні өз елдеріне қайтып кеткенін хабарлаған.
Шығарылған деректер Қазақстанның авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасына – оқиғаны талдау және тергеу үшін жауапты агенттікке жіберіледі — делінген.
Нәтижесін Қазақстан жариялауы тиіс.