Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Четверг, 10 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Өте өзекті»БҚО-да шекара маңындағы 13 мектеп жабылуы мүмкін
Дария Ғұмар Өте өзекті 09/07/2025

БҚО-да шекара маңындағы 13 мектеп жабылуы мүмкін

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысында шекара аймағында орналасқан аудандардағы 13 мектеп оқушы санының аздығына байланысты жабылып қалуы мүмкін. Бұл мәселе бойынша мәжіліс депутаттарының сауалына премьер-министрдің орынбасары Ерлан Көшербаев жауап берді.

Вице-премьердің мәлімдеуінше, білім беру ұйымдарының жұмысы мемлекеттік нормативтерге сай реттеледі. Яки ауылдық елді мекендерде бастауыш мектепте – кемінде 5, негізгі мектепте – 41, ал жалпы орта мектепте – 81 және одан да көп оқушы болған жағдайда аталған білім мекемелерінің жұмыс істеуіне заңнамалық кепілдік беріледі.

«Бұл мектептердегі оқушы саны белгіленген нормадан әлдеқайда төмен болғандықтан, 2025-2026 оқу жылында орта мектеп негізгі мектепке, ал негізгі мектеп бастауышқа айналуы немесе толықтай жабылуы мүмкін. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі БҚО әкімдігіне шекара маңындағы ауыл мектептерін сақтау және дамыту жөнінде ұсыныс хат жолдады. Қазіргі уақытта министрлік шекаралық аймақта орналасқан мектептерді білім беру ұйымдарының жалпы нормативтік тізбесінен алып тастау мүмкіндігін де қарастырып жатыр», – делінген ресми жауапта.

11 маусымда өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Сәрсенғалиев мектептер жабылған жағдайда жас балалар өзге ауылдар мен аудандарға барып оқуға мәжбүр болатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл балалардың қауіпсіздігіне күмән тудырады. Сонымен қатар жабылған мектептердің мұғалімдері де қиын жағдайда қалуы мүмкін.

«Тәуелсіздік алғалы бері құжаттың үстіне құжат қабылдаған мемлекеттік органдарда жалқының мысалын жалпыға жабу бар. Әрине, қағаз бәрін көтереді, бірақ қағазға түскен қаріптер халықтың жағдайын қиындатпауы тиіс. Адамы көшкен ауылдың картадан өшетіні белгілі. Бүгінгідей бұйрықтың бұйдасымен кете берсек, бұл сан көбейетіні анық. Сондықтан бір стандартты бәріне бірдей таңу қате. Ендеше аталған нормативтерді қайта қарайтын кез келді», – деді Нартай Аралбайұлы.

Депутат Қазақстан Республикасының «Халықтың тығыздығына және елді-мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» бұйрығында көрсетілген 2.2., 2.3., 2.4. тармақтарын «ерекше жағдайда» деген тіркеспен толықтыруды немесе шекара маңында орналасқан мектептер үшін аталмыш тармақтарда белгіленген нормативтердің шегін азайтуды ұсынды.

Ауылдық жерлерде халық санының азаюына байланысты кейбір мектепте оқушы саны жеткіліксіз болып отыр. Мұндай жағдайда мектептерді жабу емес, оларды шағын жинақты мектеп ретінде ұйымдастыру қарастырылады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, кейінгі 10 жылда елімізде 582 ауыл жойылған. Қазіргі таңда елдегі ауылдардың жалпы саны – 6208. Ауыл тұрғындарының саны, шамамен, 7 миллион адам.

фотоколлаж: Д. Ғұмар

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
ауыл Ауыл халқы Басты ақпарат БҚО мектеп жетіспеушілігі Мектеп оқушылары статистика
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Подкаст

БҚО-дағы газ тапшылығын қалай шешуге болады?

10/07/2025
Арнайы жобалар

БҚО-дағы газ тапшылығын қалай шешуге болады? (ВИДЕО)

09/07/2025
Экология

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

04/07/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-дағы газ тапшылығын қалай шешуге болады?

Подкаст 10/07/2025

БҚО-дағы газ тапшылығын қалай шешуге болады? (ВИДЕО)

Арнайы жобалар 09/07/2025

Астаналық университет атауынан Назарбаевтың есімі алынып тасталуы мүмкін

жаңалық 09/07/2025

Шымкентте театр басшылығы бюджеттен қомақты қаражат жымқырған

жаңалық 09/07/2025

БҚО-да шекара маңындағы 13 мектеп жабылуы мүмкін

Өте өзекті 09/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-дағы газ тапшылығын қалай шешуге болады?

10/07/2025

БҚО-дағы газ тапшылығын қалай шешуге болады? (ВИДЕО)

09/07/2025

Астаналық университет атауынан Назарбаевтың есімі алынып тасталуы мүмкін

09/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.