2024 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 8,3 триллион теңгеге жуық. Бұл 2023 жылғы қаңтар-шілдеден (салыстырмалы бағамен) 0,4%-ға көп.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі Жетісу (51,7%-ға), Қызылорда (41%-ға), Павлодар (30,1%-ға), Түркістан (28,9%-ға), Алматы (27,7%-ға), Қарағанды (17,4%-ға), және Солтүстік Қазақстан (14,9%-ға) облыстарында байқалды.
Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың төмендеуі Атырау (31,9%-ға), Ақмола (26,3%-ға), Ақтөбе (18,7%-ға), Манғыстау (10,7%-ға), Абай (9,4%-ға) және Батыс Қазақстан (8,7%-ға) облыстарында байқалды.
Инвестицияның едәуір үлесі Атырау облысына тиесілі (13,5%).
Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығын ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.
2024 жылдың қаңтар-шілде айларында кәсіпорындар 8 284 890 771 000 теңге игерді. Оның ішінде шағын кәсіпорындар 4 777 559 945 000, орта кәсіпорындар 690 924 598 000, ірі кәсіпорындар 2 816 406 228 000 теңге инвестицияларды игерді.
Жалпы шығындардың 65,6%-ы ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге және жалпы сомасының 30%-дан астамы машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері – шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты. Олардың көлемі 2024 жылғы қаңтар-шілдеде 5681,4 млрд теңгені немесе жалпы көлемнің 68,5%-құрады.
Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 17,6%-ын құрады, 2023 жылғы қаңтар-шілде көрсеткішімен салыстырғанда, 22,3% жоғары.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі -3,7%.
Сонда негізгі капиталға салынған инвестициялар – 8 284 890 771 000 теңге.
Оның ішінде мемлекеттік бюджет 1 454 124 182 000 теңге, меншікті қаражат 5 681 435 170 000 теңге, банктердің кредиттері 307 828 379 000 теңгені құрады.
2024 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (40,8%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына (22,3%), өңдеу өнеркәсібіне (9,8%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (20,4%), көлік және жинақтауға(17,4%) және ауыл, орман және балық шаруашылығына (4,9%) тиесілі.
Сурет: pixabay.com