Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Биыл БҚО-ға қанша инвестиция тартылды?
Дария Ғұмар Шолу 31/12/2025

Биыл БҚО-ға қанша инвестиция тартылды?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ұлттық статистика бюросының негізгі капиталға салынған инвестициялар жөніндегі деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында Батыс Қазақстан облысына 748,3 млрд теңге (кумулятивті көрсеткіш) бағытталған.

  • Қаңтар 28 850 282 теңге
  • Ақпан 66 902 568 теңге
  • Наурыз 104 799 316 теңге
  • Сәуір 148 127 317 теңге
  • Мамыр 193 470 544 теңге
  • Маусым 254 355 823 теңге
  • Шілде 320 164 812 теңге
  • Тамыз 393 412 212 теңге
  • Қыркүйек 483 157 356 теңге
  • Қазан 566 637 156 теңге
  • Қараша 748 291 991 теңге

Қаражаттың ішінен 387 млн теңге өндіріске, 284 млн теңге тау-кен саласына, ал 131 млн теңге көлік және жинақтауға жұмсалған.

Инвестиция көлемін бағалауда негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексіне (НКИ) мән беру керек. 2025 жылдың қаңтар-қарашасындағы көрсеткішті 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, БҚО-дағы НКИ 230,1%-ды құрады. Бұл өңірде нақты көлемнің 2,3 есе артқанын білдіреді.

2025 жылдың ақпанында өңірде инвестиция көлемі 14,4%-ға, ал наурызда 2,6%-ға төмендеген. Қаңтар-қыркүйек аралығында БҚО экономикасына құйылған қаражат алдынғы жылмен салыстырғанда 30%-ға азайған.

Инвестиция портфеліне ай сайын қосылған қаржыны есептесек, қарашадағы өсім ерекше көзге түседі. Қазаннан қарашаға бір айда шамамен 181,7 млрд теңге қосылған.

Инвестиция салатын кім?

Негізгі капиталға салынған инвестициялар – инвесторлардың құрылыс, реконструкция, экономика, әлеумет немесе экология салаларында жүзеге асыратын жобаларға инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу секілді шығындарына жұмсалған қаражаты.

Қазір инвестиция көздеріне кәсіпорындар мен кәсіби ұйымдардың жеке қаражаты, мемлекеттік бюджет және банктер жатады.

Шетелдік капитал

2025 жылы облыс шетелдік инвесторларды тарту бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Қаңтар-қыркүйек айларында БҚО-ға инвестицияның 52,9%-ы шетелдіктерден келген. Салыстырмалы түрде, Алматы, Ақтөбе және Атырау облыстарында шетелдік инвестиция үлесі 20-25%-ды құрайды.

Биыл БҚО-да жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған үш нысанның құрылысы басталды. Станцияларды салуға шетелдік және отандық инвесторлар қаражат жұмсайды. Олардың қатарында «Green Spark Limited», «Green Energy Industrial Company Aktobe» және «Vigor Holding» бар.

Тамызда Қазақстандағы кеме шығаратын тұңғыш “Зенит” зауытының 85% акциясы түркиялық “AYDA” компаниясына сатылатыны анықталды. Жаңа инвестор зауыттың қызмет бағытын сақтауға және жұмыс орындарын қысқартпауға міндеттелді.

Қыркүйекте қытайлық инвесторлар облыста метанол өндіретін газ-химия кешенінің құрылысын бастады. Құрылыстың бас мердігері – «Сан Бао «Шыңжаң сауда-өнеркәсіп корпорациясы», ал инвестиция көлемі 75 млрд теңгені құрады. Зауыт Бәйтерек ауданының Белес ауылдық округінде салынады.

Сәуірде Иран инвесторлары Оралдағы былғары зауытының құрылысына 1 млрд теңге бөлді. Маусым мен қыркүйек аралығында «ПОШ Руно» былғары өңдеу зауытында өндірістік желілерді жөндеу, техникалық қызмет көрсету, қызметкерлерді оқыту және логистикалық жүйені жаңғырту жүзеге асқан.

2025 жылдың 11 айында БҚО-ның негізгі капиталына 748,3 млрд теңге инвестиция бағытталған. Алайда жыл басында НКИ бойынша төмен көрсеткіш пен қарашадағы жедел өсім өңірдегі инвестиция динамикасының ірі төлемдерге тәуелді, құбылмалы екенін аңғартады.

 фото: istockphoto.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 БҚО Инвестиция тарту Инвестициялық портфель Негізгі капитал Үшінші ақпарат Ұлттық статистика бюросы Шетелдік инвестициялар
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026
жаңалық

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

31/03/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.