Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 21 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының өсімі 20%-ды құрап отыр
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 24/09/2024

Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының өсімі 20%-ды құрап отыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Вице-премьер Серік Жұманғарин Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің (ҚКП ОК) Бірыңғай фронт жұмыс бөлімі министрінің орынбасары және Бүкіл қытайлық өнеркәсіп және сауда федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Шэнь Инмен Астанада кездесті.

Онда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың жоғары серпіні туралы сөз қозғалды.

«Қытай дәстүрлі түрде Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі саналады және экономикасына инвестиция салатын үздік бес елдің қатарына кіреді. Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 30%-ға өсіп, рекордтық 41 млрд АҚШ долларына жетті. Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша тауар айналымының өсуі шамамен 20%-ды құрап отыр», — дейді Серік Жұманғарин.

2005 жылдан бастап Қытайдан Қазақстанға құйылған жалпы инвестиция көлемі 25 млрд АҚШ долларына жуықтаған. Тек өткен жылы тікелей қытайлық инвестициялар көлемі 15%-ға өсіп, 1,6 млрд АҚШ долларынан асты.

Бүгінде бірлескен инвестициялық жоба саны 90-нан асып, энергетика, тау-кен металлургия кешені, машина жасау, электротехника, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, білім беру, туризм және басқа да салаларды қамтиды.

Серік Жұманғарин қытай бизнесін бірлескен жобаларға қатысуға шақырды.

«Бүгінде біздің еліміздің аумағында қытай капиталының қатысуымен 3 000-ға жуық бірлескен компания табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың төрттен біріне жуығы соңғы жылы ғана қосылды. Бұл қытай іскер топтардың Қазақстандағы бизнес-климатқа жоғары сенім білдіретінін және біздің серіктестігіміздің тұрақтылығын дәлелдейді», — деп атап өтті вице-премьер.

Серік Жұманғарин өзара қарым-қатынастың әлеуетін күшейтудің кең ауқымды бағыттарын атап өтті. Оның ішінде қант саласын дамыту шеңберінде – қант зауыттарының құрылысын инвестициялау, сондай-ақ астықты терең өңдеу кәсіпорындарының санын арттыруға қызығушылық бар екенін айтты. Қазақстан ұқсас және басқа да инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға барынша қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Айтып өтелік, 1953 жылы құрылған Бүкілқытайлық өнеркәсіп және сауда федерациясы (ACFIC) – Қытайдың халықтық ұйымы және үкіметтік емес сауда палатасы. Ол ҚХР-ның өнеркәсіпшілері мен бизнесмендерінен тұрады.

ACFIC штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан. Федерацияның провинциялық, муниципалдық және аудандық деңгейлерде 3 200-ден астам жергілікті бөлімшелері, сондай-ақ қалалық аудандарда, қауымдастықтар мен ауылдарда 5,5 миллионға жуық бастапқы бөлімшелері бар. Федерация бүкіл ел бойынша 5,1 миллион тіркелген мүшеден тұрады.

Былтыр Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 31,5 млрд АҚШ долларды (+30,1%) құрады. 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында – 14,1 млрд АҚШ доллар (+3,8%) болды.

Осыған дейін, Қазақстанда тіркелген қытайлық компаниялар санының күрт өскенін жазған едік.

Елде 1 қыркүйекте қытайлық меншік иелері бар заңды тұлғалар мен филиалдар саны 4 674 болды, бұл 1 тамыздағыға қарағанда 150 бірлікке көп.

Сондай-ақ көктемде екі ел арасындағы сауда айналымы 40 млрд долларға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш болды. Қазақстанның алдағы мақсаты сауда-саттық көлемін 100 млрд долларға дейін жеткізуболып отыр.

Сурет: gov.kz

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 АҚШ доллары Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы Серік Жұманғарин
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.