Израиль мен Иран арасындағы жағдайдың ушығуына байланысты БАӘ-дегі қазақстандықтар үйлеріне орала алмай отыр, деп жазды ҚазТАГ.
«Қазір Біріккен Араб әмірліктерінен Қазақстаннан келетін кейбір әуе компаниялары рейстерінің тоқтатылуына байланысты 300-ге жуық ҚР азаматының ұшып шығуы қиындады. Олрадың көбі турист ретінде келген. Дипломаттарымыз оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта азаматтардың жартысынан астамы отанына оралуы мүмкін», – деді хабарлады дүйсенбіде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы А. Смадяров.
11 маусым күні ҚР Туризм министрлігі Сирия, Ирак, Иран, Ливия, Иордания әуе кеңістігі арқылы ұшатын барлық рейске тыйым салған. Министрлік туристерге БАӘ мен Парсы шығанағы елдеріне бару мәселесін әбден пысықтап алуды ұсынған. Осы ескертуге қарамастан екі күн бойы жолаушыларды толық мінгізіп алған бірнеше ұшақ БАӘ-ге беттеген.
15 маусым күні FlyDubai ұшағы Дубайдағы рейстен кешіккен 332 жолаушыны Алматыға алып келді.
фото: pixabay