Бір әкім, төрт директор айыппұл арқалады

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жыл басынан бері ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 154-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылықты анықтау әдістемесін орындау мақсатында мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық ресурстары арқылы 3 мыңнан астам мемлекеттік қызметшіге және оларға теңестірілген 600-ден астам адамға қатысты талдау жүргізілді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша аталған заңның 11-бабын (қаржылық бақылау шаралары) сақтамаудың 24, 12-бабын (сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер) сақтамаудың 1, 13-бабын (мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет) сақтамаудың 5 дерегі анықталды. Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін 5 факт бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Соның нәтижесінде сот шешімімен ҚР ӘҚБК-нің 154-бабы бойынша ауылдық округ әкімі мен мектеп директорлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік кірістер департаментінің хатына сәйкес Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округінің әкімі Әлібек Лұқпановтың атына Жаңақала ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында жеке кәсіпкерліктің тіркелгені әрі сол уақытта мәртебесі жарамды екендігі анықталды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 154-бабын бұзу дерегі бойынша 24 ақпанда әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, Жаңақала ауданының сотына жолданды. Аудандық соттың 2022 жылғы 11 наурыздағы қаулысы бойынша округ әкіміне 428 820 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар облыс бойынша 4 мектеп директорына Ақжайық, Теректі және Жәнібек аудандары сотының шешімімен әрқайсына 428 820 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлетуге жаза тағайындаған.

Sarapshy.іnfo

 

Әлеуметтік желілер арқылы бөлісуді ұмытпаңыз

Добавить комментарий