Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Вторник, 1 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ресей патриархы Кириллдің сөзіне қатысты пікір білдірді
Нұрлыбек Рахманов sarapshy.info 13/01/2022

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ресей патриархы Кириллдің сөзіне қатысты пікір білдірді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Православ христиандарының Рождество мерекесінде Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл Қазақстанда болған тәртіпсіздікке қатысты ой-пікірін білдірді.
Патриарх Кирилл өз сөзінде: «Бір кездері біртұтас үлкен елдің аумағында қиын оқиғалар болып жатқанын бәріміз білеміз. Адамдар ауыр азаматтық қақтығысқа тап болды, қан төгіліп жатыр. Бұл өте жақын, бұл тарихи Ресейдің аумағында, сондықтан біз қанның төгілуіне, осы қақтығыстарға, адамның осы тәртіпсіздіктеріне бей-жай қарай алмаймыз» деген болатын.
Патриархтың сөзіне қатысты Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы пікірін білдірді.
«Ең алдымен, Мемлекет басшыларына, дін және қоғам қайраткерлеріне осы қиын-қыстау күндерде Қазақстан халқына қолдау білдіргендері үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Біздің еліміз жаңа қиындықтарға тап болды, бірақ Президентіміздің даналығының арқасында біз осы күрделі оқиғалардан аман-есен өттік.
Сонымен қатар, Мәскеу және бүкіл Русьтің аса құрметті Патриархы Кириллдің үш қисынсыз тезисіне ерекше назар аударғым келеді.
Біріншіден, болған оқиғалар азаматтық қақтығысқа алып келген жоқ. Бұл бірқатар өңірлерде өткен бейбіт митингілер болды, кейіннен оларды ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер ресми түрде мойындаған ішкі және сыртқы деструктивті күштер пайдаланды.
Екіншіден, Қазақстан тұтастай алғанда ешқашан тарихи Русьтің аумағына кірген емес. Тарихи фактілерді, оның ішінде Исламның қазақ даласында таралуы 751 жылы басталғанын естеріңізге салғым келеді.
960 жылы Ислам Қараханидтер кезінде қазіргі Қазақстан аумағында мемлекеттік дін ретінде танылды, ал Русьтің шоқынуы осы оқиғадан 28 жыл өткен соң 988 жылы өтті. Жалпыға бірдей танылған тарихи фактілер қазіргі Ресей аумағында Ислам одан да ертерек 922 жылы, яғни Алмуш Хан Исламды Еділ Болгариясының мемлекеттік діні деп жариялаған кезде пайда болғанын көрсетеді, бұл қазіргі Татарстанның аумағы.
Үшіншіден, географиялық дәлелдерге сүйене отырып, жанашырлық таныту мүлдем қисынды емес. Әлемнің барлық діндері әрқашан адамдарды нәсіліне, тіліне, мәдениеті мен географиясына қарамастан бағалауға шақырады.
Жалпы, осындай дәрежедегі діни қайраткердің ұстанымы бойынша халықтар арасындағы қарым-қатынастарда алауыздық тудыратын, тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Ресейде де дінге сенушілердің сезімін қозғайтын сөздер айтылмауы тиіс деп пайымдаймын.
Негізінен бір күндік саясаткерге ұқсамауымыз керек. Осындай кездерде бәрімізге төзімділікті, ұқыптылықты, әдептілікті сақтап, бір-бірімізге құрметпен қарау қажет.
Кез келген дін, оның ішінде Ислам және Православие әрқашан саясаттан тыс болды және бейбітшілікке, келісімге және төзімділікке шақырды.
Алла Тағала еліміз бен жерімізді түрлі бүліктен, қауіп-қатерден сақтасын. Елдің шеті жаудан, іші даудан аман болғай. Әмин» деді Бас мүфти.

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Патриарх Кирилл Қазақстан жайлы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

30/06/2025
sarapshy.info

Қазақстанда үйленетін жұптар неке қию үшін көбіне тамыз айын таңдайды

28/06/2025
sarapshy.info

Берденов Respublica партиясының тең төрағасы қызметінен кетті

26/06/2025

Жаңа мақалалар

Үндістанда зауыт жарылып, 40-қа жуық адам қаза тапты

Әлем жаңалықтары 01/07/2025

Еңбек министрінің бұрынғы орынбасары Ақмәди Сарбасов тергеліп жатыр

жаңалық 01/07/2025

Тұрғындар үкіметке сумен қамту мәселесі бойынша 30 мыңға жуық арыз-шағым жолдаған

жаңалық 01/07/2025

Баку Ресейге неге наразы?

Әлем жаңалықтары 30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

жаңалық 30/06/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістанда зауыт жарылып, 40-қа жуық адам қаза тапты

01/07/2025

Еңбек министрінің бұрынғы орынбасары Ақмәди Сарбасов тергеліп жатыр

01/07/2025

Тұрғындар үкіметке сумен қамту мәселесі бойынша 30 мыңға жуық арыз-шағым жолдаған

01/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.