Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 3 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Банк және сақтандыру: біз нені білуіміз керек?
Айбар Олжай Шолу 11/02/2025

Банк және сақтандыру: біз нені білуіміз керек?

pexels сақтандыру
Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Сіз алғыңыз келген несиенің сомасы мен мерзімінің ұзақтығына қарай кредиттік ұйымдар, оның ішінде банк, микроқаржы ұйымдары сақтандыру бойынша міндеттеме артуы мүмкін. Сақтандырусыз да несие алуға болады. Тек ол жағдайда кредит проценті сіз үшін жоғары болып бекітіледі. Осы тұрғыда сақтандырусыз кредит пен сақтандырылған несиенің артық төлемі шамамен бірдей болып шығуы мүмкін. Ондай жағдайда сақтандыру алған дұрыс. Неге?

Қазақстанда кредит те мүлік сияқты мұраға қалдырылады. Яғни, егер сіздің ата-анаңызда немесе жақын туысыңызда несие болып, олар өмірден қайтқан жағдайда, банк сот шешімімен сол несиені өтеуді сіздің мойныңызға арта алады. Ал егер жаңағы несиеде борышкер өмірі сақтандырылған болса, онда банкке өтелмеген қарызды сақтандыру компаниясы төлейді.

Банктің кредитті сақтандыруының классикалық екі үлгісі бар. Біріншісі – борышкер өмірін сақтандыру. Екіншісі – күтпеген жағдайдан сақтандыру.

Борышкер өмірін сақтандыру туралы мәлімет берсек, аты айтып тұрғандай қарыз алушының өмірі сақтандырылады. Егер ол несиені өтеп бітпей жатып көз жұмса, онда қалған қарыз сомасын сақтандыру компаниясы өз мойнына алады. Демек қарыз оның туыстарына өтпейді.

Күтпеген жағдайдан сақтандыру – егер сіз кенеттен жарақат алып, жұмыс істеу қабілетінен айрылған жағдайда сіздің қалған несиеңізді өтеп береді. Бірақ жарақатты сіз мүгедектік туралы анықтамамен растау керексіз.

Сақтандыруға қанша төлейміз?

Банк несиелерінің сақтандыру сыйақысы шамамен несиенің негізгі қарызының 0,4-1,5 пайызы аралығында бекітіледі. Нақты мөлшеріне несие сомасының көлемі, несие мерзімі, кепілзаттың болуы сынды факторлар әсер етеді. Сақтандыру ақысы әр жыл сайын қайта есептелініп отырады. Себебі уақыт өткен сайын сіздің негізгі қарызыңыз азаяды. Соған қатысты сақтандыру ақысы да азайып отырады.

Биылғы жылы еліміздің сақтандыру нарығының көлемі 1,6 триллион теңгеден асты. Оның басым бөлігін мүлікті ерікті сақтандыру секторы құрайды. Өмірді сақтандыру бойынша жасалған келісімшарттың қаржылай сомасы 233 миллиард теңге, күтпеген жағдайда сақтандыру 145 миллиард теңге шамасында.

Қазақстанның сақтандыру нарығы үнемі қозғалыста болып, белсенді дамып келеді. Міндетті сақтандыру сегменті кей кездері шығын көрсетсе де, тұрақтылығын сақтап отыр. Онымен бірге ерікті сақтандыру өнімдеріне де сұраныс жоғары. Осының ішінде кредит беру кезінде сақтандыру көлемі артып келеді.

Сізге банк несиеге қосақтап сақтандыруды ұсынғанда, шартын мұқият талдап алыңыз. Несие бойынша сақтандыру заң бойынша міндеттелмеген. Одан бас тартуға болады. Бірақ сақтандырудан бас тартқан адамға несие бермей қоюға банк те құқылы. Ешкім банкті несие бер деп мәжбүрлей алмайды. Оны да ескеріңіз.

фото: pexels

 

Автор

  • Айбар Олжай

    белгілі PR маман, журналист, публицист, қазақша коммуникация бойынша ЕҚЫҰ ұлттық кеңесшісі.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Редакция таңдауы

Қарашығанағы бар БҚО экономикасы республикалық бюджетке тәуелді

20/02/2025
Саясат

АҚШ пен Ресей диалогы: Украина тағдыры талқыға түсті

18/02/2025
Шолу

Шетелден спортшы шақыру қаншалықты тиімді?

12/02/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.