Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Банк секторында рекордтық табыстар тіркелуде
Нұрсұлтан Ерболатұлы sarapshy.info 14/11/2024

Банк секторында рекордтық табыстар тіркелуде

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Банк секторының  табысы артып келеді

2024 жылдың бірінші қазан айындағы ақпаратқа назар аударсақ,  Қазақстанның екінші деңгейлі банктері айтарлықтай қаржылық нәтижелер көрсетті. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, банктердің таза табысы 1,85 трлн теңгеге жетіп, тамыз айымен салыстырғанда 203 млрд теңгеге өскен. Бұл соңғы 10 жылдағы ең үлкен табыс болып отыр. Бұл көрсеткіш банк секторындағы өсім мен депозиттердің артуына байланысты болып отыр.

Банктердің ішінде 9 айда ең көп таза пайда тапқан ТОП-5 банктің ішінде өсімнің басты бөлігін елдегі ірі банктер қамтамасыз етуде, олардың ішінде Halyk Bank (600 млрд), Kaspi Bank (379 млрд), Банк ЦентрКредит (139 млрд), Jusan Bank (120 млрд), және ForteBank (113 млрд) теңге табыспен  алдыңғы қатарда. Бұл бес банк 1,35 трлн теңге пайда тапқан, бұл сектордың жалпы табысының басым үлесін құрайды.

Сонымен қатар, шағын банктер де табыстарын едәуір арттырған. Кейбір шағын банктер, мысалы, «Заман-Қазақстан» және «ВТБ Банк» өткен жылмен салыстырғанда табыстарын айтарлықтай өсірді, бұл олардың табыстылық көрсеткіштерінің жоғарылауына алып келді​.

Халық депозитті қай банкке сеніп тапсыруда?

Қыркүйекте банктердегі депозит көлемі 0,9%-ға артып, 38,6 трлн теңгеге жетті, соның ішінде жеке тұлғалардың салымдары айтарлықтай үлеске ие болып, шамамен 22,3 трлн теңгеге жеткен, ал заңды тұлғалардың салымдары 16,3 трлн теңге шамасында. Теңгедегі депозиттердің жоғары пайыздық мөлшерлемелері және салымдарға кепілдік беру механизмдері депозиттік өсімді қолдауда маңызды рөл атқарды. Бұл көрсеткіш алдыңғы айлармен салыстырғанда айтарлықтай өсімді көрсетіп отыр.

Еліміздегі 5 ірі банктің жалпы ЕДБ секторындағы  жеке тұлғалардың депозиті бойынша жиынтық  салым үлесі 80,3% құрап отыр. Оның ішінде Halyk Bank, Kaspi Bank, Банк ЦентрКредит Отбасы және Еуразиялық банктер кіреді.

Заңды тұлғалардың салымдары 16,3 трлн теңгеге жетті

Елімізде жеке тұлғалардан қарағанда заңды тұлғаларға банк қызмет біркелкі дамыған деп айтуға болады. Қазақстанда заңды тұлғаларға арналған банктердің қызметтері кең ауқымды болып табылады, өйткені корпоративті клиенттерге арналған банктік өнімдер мен қызметтер ұлттық экономика үшін маңызды. Бұған қоса, әрбір банк түрлі қызметтерді ұсынып, кәсіпорындардың қажеттіліктеріне бейімделген пакеттер жасайды. Елімізде заңды тұлғаларға бейімделген ірі бес банк қатарына:  Halyk Bank (құрылымдық несиелер, корпоративтік шоттар), Kaspi Bank (корпоративтік дебеттік карталар, бизнесті қолдау), ForteBank (несиелеу, инвестициялар мен жұмыс капиталы үшін арнайы шешімдер),  Altyn Bank (құрылыс және өнеркәсіп секторы үшін қаржыландыру) және Банк ЦентрКредит (корпоративтік клиенттер үшін арнайы несие ұсыныстары).,

Несие беру қаншалықты артты?

Қараша айындағы Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің несиелік портфелі әлі де өсуде. 2024 жылдың қазан айында бұл көрсеткіш 33,5 трлн теңгеге жеткен, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-дан астам өсім көрсетеді. Бұл өсім негізінен екі бағытта байқалады:

Жеке тұлғаларға арналған несиелер: Жеке тұлғаларға берілген несиелердің көлемі айтарлықтай өсті. Ипотекалық несиелердің үлесі жоғары болып, жылдық өсім 55%-ды құрады. Бұл өсімнің басты себебі — тұрғын үй нарығындағы сұраныстың артуы және несиелеу шарттарының жеңілдеуі, сондай-ақ қолайлы пайыздық мөлшерлемелердің болуы.

Кәсіпорындарға арналған несиелер: Шағын және орта бизнестің кредиттеу көлемі ұлғайып, экономиканың осы сегментіне деген қызығушылық артты. Бұл тенденцияны мемлекеттік қолдау шаралары, бизнестің тұрақты дамуы және қаржылық жағдайдың жақсаруы қуаттап отыр.

Сондай-ақ банктердің несиелік портфеліндегі мерзімі өткен қарыздардың көлемі айтарлықтай азайған. Бұл – банктердің несие беру саясатын қайта қарап, клиенттермен жұмысты жақсартуының нәтижесі. Бұл өзгерістер Қазақстан экономикасындағы тұрақтылық пен банктік жүйенің сенімділігінің артқанын көрсетеді.

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Cурет: inbusiness.kz

Автор

  • Нұрсұлтан Ерболатұлы

    2018 жылы Алматы қаласындағы Нархоз университетін "қаржы” мамандығы бойынша (бакалавр), 2020 жылы UIB университетінде "қаржы және банк ісі" мамандығы бойынша (магистратура) білім алды. 2021 жылы “Forte bank” АҚ мененджер AWD қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары ECA 50 ұйымында дата-аналитик болды. 2024 жылдан бері kursiv.media, sarapshy.info порталында сарапшы ретінде мақалалар жариялайды.

    Барлығын қарау
Halyk Bank Kaspi Bank депозит екінші деңгейлі банктер Ұлттық Банк
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс бар?

27/11/2025
жаңалық

БҚО-да әйелдер құқығына қайшы қылмыс саны артты

25/11/2025
Шолу

БҚО экономикасының минусы мен плюсі

19/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.