Байқоңырда халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған зымыраннан кейін мәре алаңындағы бірқатар жабдық бұзылған табылған, деп хабарлады ресейлік «Роскосмос».
Ұйым таратқан мәліметке сәйкес, 27 қарашада ұшырылған «Союз МС-28» кемесі халықаралық ғарыш станциясына сәтті қосылған. Бірақ ұшырудан кейін жүргізілген кезекті тексеріс барысында старт алаңының кейбір элементтері зақымданғаны анықталды.
Қазір Байқоңыр ғарыш айлағында тиісті жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін желіде Ұлытау облысының тұрғындары жерден табылған металл қалдықтарын көрсеткен видео тарады. ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі видеодағы бөлшектердің «Союз МС-28» зымыран тасығышына тиесілі болуы мүмкін екенін хабарлады.
фото: «Роскосмос»

