Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»БҚО тұрғындары қонақ шақыруға қанша теңге жұмсайды?
Дария Ғұмар жаңалық 11/09/2025

БҚО тұрғындары қонақ шақыруға қанша теңге жұмсайды?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Күнделікті тұрмыста қонақ күту үшін әр отбасы біраз тиын-тебен жұсайды.

Sarapshy.info редакциясы Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысындағы азық-түлік бағалары статистикасына сүйене отырып,шамамен он адамға арналған дастарханға қойылатын дәмнің жалпы бағасын есептеп көрді.

Меймандарға ұсынылатын басты тағамы – ас (іңкәл). Оны әзірлеу үшін шамамен үш килограмм жылқы еті қажет, оның құны 8469 теңге. Бұған қосымша бір дана пияз – 145 теңге, ? келі ұн – 331 теңге, он дана жұмыртқа – 489 теңге, сүт – 484 теңге, күнбағыс майы – 400 теңге және тұз – 68 теңгеге шығады. Осылайша, ас әзірлеуге барлығы 10 386 теңге жұмсалады.

Дастарханның сәнін келтіретін салаттар да шығынды қажет етеді. Өңірдекөкөністердің келісінің бағасы мынадай: қызанақ келісіне – 716 теңге, қияр – 372 теңге, қырыққабат – 176 теңге, сәбіз – 252 теңге, қызылша – 279 теңге. Ал салаттың дәмін арттыратын майонездің құны – 1821 теңге. Барлығын қосқанда, салат әзірлеуге шамамен 3616 теңге қажет.

Тәттісіз шәй ішу мүмкін емес. Тоқаштың келісі – 1196 теңге, пірәндік – 1087 теңге, кәмпит – 2041 теңге, қант – 431 теңге болып, осыған 4755 теңге жұмсау қажет.

Жеміс-жидек алсақ, алманың келісі 774 теңге, банан – 1041 теңге, апельсин – 1165 теңге, ал кептірілген өріктің жарты келісі– 1875 теңге тұрады. Яғни сауда 4855 теңге жұмсалады.

Оған қоса, сусындарға кететін шығын бар: үш литр шырынның құны – 1710 теңге, ал 200 грамм шай – 1045 теңге. Сусындардың жалпы бағасы – 1615 теңге.

Осылайша, шамамен он адамға арналған азық-түліктің жалпы құны 26 797теңгені құрайды. Сонда бір отбасы қонақ қарсылауға орта есеппен 30 мың теңге жұмсайды. Әрине, шығынын алдын ала әбден есептеп, ақшаны үнемдей білу – қаржылық сауат көрсеткіші

фото:  istockphoto.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 Азық-түлік бағасы БҚО Ет бағасы Қонақ күту Орал Ұлттық статистика бюросы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.