2025 жылы ғарыштағы мониторинг арқылы жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша Батыс Қазақстан облысы аумағында 183 заңсыз қоқыс орны анықталды. Бұл туралы облыстық экология департаменті хабарлады.
Заңсыз қоқыс алаңдарының ең көбі, 90 учаске, Бәйтерек ауданында анықталған, Бөрлі ауданында 35, Орал қаласында 31, ал Теректі ауданында 27 нүкте тіркелді. Экология департаменті олардың 154-ін жойған.
Қоқыс-қалдықты уақтылы жоймағаны үшін Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандары мен Орал қаласы әкімдерінің орынбасарлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жауапты шенеуніктер 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс.
фото: freepik.com

