Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында жұмыс орнында сеніп тапсырылған қаражатты жымқырған ер адамға қатысты іс қозғалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеу мәліметінше, айыпталушы жұмыс орнында клиенттерден түскен төлемдерді компанияның Kaspi Bank-тегі есепшотына емес, өз жеке шотына аударып отырған. Сондай-ақ ол қолды қылған ақшасының 455 мың теңгесін онлайн ойындарға жұмсаған.
Кейін ер адам келтірілген залалды толық өтеп, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқан. Сот шешімімен ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
фото: freepik.com

