2024-2025 жылыту маусымында «Жайықжылуқуат» АҚ тұтынушыларды жылумен жеткілікті көлемде қамтамасыз ете алмағаны анықталды. Енді компания тұрғындар артығымен төлеген 3,4 млн теңгені кері қайтаруға міндетті. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті хабарлады.
Тексеріс нәтижесінде жылу-электр орталықтары бойынша 3,15 млн теңге, ал қазандық шаруашылығы бойынша 248 мың теңгеден астам қаражат артық екені жария болды.
Қаражатты қайтару үшін тұрғындарға 2025 жылдың қазан айындағы жылу бағасына жеңілдік ұсынылады.
«Жайық жылу қуат» кәсіпорны 1 тамыздан бастап жылу және ыстық су тарифін өсірді. Енді тұрғындар жылуға қосымша құн салығын есептегенде 218,80 теңге, ал ыстық су ұшін 1347,71 теңге төлейді.
Естеріңізге сала кетейік, 2024-2025 жылғы жылыту маусымында қазақстандықтар жылуға 1,6 млрд теңге артық төлегені анықталды.
фото: istockphoto.com

