Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Сапа»БҚО-да кәсіпкерлер тұтынушыларға 27 миллион теңге қайтарып берді
Дария Ғұмар Сапа 25/07/2025

БҚО-да кәсіпкерлер тұтынушыларға 27 миллион теңге қайтарып берді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында БҚО-да сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті кәсіпкерлер қызметіне шағымданған азаматтарға 27 миллион теңгесін қайтарған. Бұл жөнінде департамент басшысы Э. Қиматова хабарлады.

Департаментке 6 ай ішінде 452 жазбаша өтініш келіп түскен. Оның ішінде 319 шағым (91,6%) оң шешімін тапқан.

Азаматтарды жеке қабылдау барысында айтылған 147, сенім телефоны арқылы тіркелген 115 өтініш те қанағаттандырылды.

Тексеріс нәтижесінде 11 әкімшілік іс қозғалып, кәсіпкерлерге айыппұл салынған.

Оралда жиһаз дайындау және орнатумен айналысатын «Модерн Плюс» компаниясына 18 азамат шағымданған. Келісімшарт жасалғанымен, тұтынушылар жиһаздарын уақтылы ала алмаған. Департамент шағымданушылардың мүддесін қорғап, бұл істі сотқа жолдады.

29 мамырда тұрғын автосалоннан несиеге 9,6 млн теңге тұратын көлік сатып алады. Келесі күні көліктен техникалық ақау шығып, тұтынушы автосалонмен келісімшартты бұзғысы келеді. Департамент көмегімен оның несие шарты жойылып, бастапқы жарна ретінде салған 1,8 млн теңгесі қайтарылды.

Сонымен қатар өңірде сауда қызметін реттеу бағыты бойынша 144 құқық бұзушылық анықталды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына заңмен белгіленген 15%-дан жоғары үстеме қосу және заңсыз сыйақы талап ету секілді заңбұзушылықтар анықталып, кәсіпкерлерге тиісті шара қолданылды.

фото: pexels

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң БҚО Екінші ақпарат Заң бұзушылық ҚР Сауда және интеграция министрлігі сауда Тұтынушылар құқығы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

02/12/2025
жаңалық

Елде дропперлікке қатысты 10 істің үшеуі БҚО-да тіркелді

28/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.