БҚО-да жастар дропперлік қызмет атқарып, соған сәйкес сыйақы алып жүрген. Бұл жөнінде Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
Сыйақты өте қомақты – 200-ден 350 мың АҚШ долларына дейін жеткен. Дропперлер екінші деңгейлі банктен шот ашқан.
Оқыңыз:
Алаяқтық жолмен қылмыстық топ 17 млн теңгеге дейін табыс тапты.
Агенттік ақпараты бойынша бір дроппер ойынан айнымақ болған. Оның банк карточкасы бұғатталған. Бірақ ұйымдастырушылар оны қорқытып, күшпен ұстаған.
«Интернет-банкингтің мобильді қосымшалары орнатылғаннан кейін шоттарға кіру қылмыскерлердің бақылауына өткен», — деп хабарлады ведомсвто.
16 қыркүйектен бастап Қазақстанда дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жаңа заңға сәйкес 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.
фото: chatgpt.com

