Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 5 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»БҚО-дағы ауыл маңына дрон құлаған
Наргиза Ерес жаңалық 19/02/2025

БҚО-дағы ауыл маңына дрон құлаған

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бөкей ордасы ауданында дрон құлаған. Жасанды интеллект оны Ресейдің Орлан-10 дронына ұқсатты.

18 ақпанда, кешкі сағат 23:00-ден аса Бөкей Ордасы ауданы, Ұялы ауылынан 8 шақырым жерден (аудан орталығы Сайқын ауылынан 180 км қашықтықта) белгісіз нысанның табылғаны туралы дерек дрон табылған. Бұл ақпарат WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы тарап жатыр.

Ұялы ауылының әкімі Ерлан Ермекқалиев мұны растаған жоқ, жоққа да шығармады. Нақты ақпарат бере алмайтынын айтты.

Бұған дейін Ерлан Ермекқалиевтің дауысына ұқсас дауыс WhatsApp арқылы таралған еді. Онда «әкім» Жаңақала маңында әлдебір нысан құлағанын айтқан. Әкімнің Sarapshy.info-ға берген мәліметіне қарағанда, дрон құлаған жерге облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен арнаулы орган қызметкерлері келген.

Ұялы ауылы маңында дрон құлағанын «Просто журналистика» арнасына осы ақпаратты аудан әкімі Нұрлыбек Даумов растағаны мәлім болды.

Әлеуметтік желіге тараған кей болжамдарға қарағанда, Ұялы ауылы маңында құлаған дрон — Ресей аумағын атқылаған Украина дрондарының бірі болуы да мүмкін. Таяуда Украина Ресейді Батыс Қазақстанмен шектес аумағын дронмен атқылағанын хабарлаған.

БҚО төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық полиция департаменті Sarapshy.info сұрағына жауап бермеді.

Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда және Жаңақала аудандарында Ресей жалға алған әскери полигондар бар. Көрші ел сынақтан өткізетін зымыран бөлшектері жақын маңдағы ауылдарға бұған дейін бірнеше рет құлаған.

2014 жылдың наурыз айында Бөкей ордасы ауданының әкімдігі «МН-300» метеорологиялық зымыраны құлағаны туралы ақпаратты растаған.

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Басты ақпарат Бөкей Орда ұшу аппараты Ұялы ауылы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.