Батыс Қазақстан облысында «Илецкая» тұзының келісін 55 теңгеге алып, 90 теңгеге сатқан «Жұлдыз» жеке кәсіпкеріне айыппұл тағайындалды. Жалпы ел бойынша биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатқандарға 50,8 млн теңге көлемінде салынған. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері тауар бағасын қымбаттатуға байланысты 2727 жағдай тіркелген. Соның ішінде 2342 дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 385 делдал тауар сату тізбегінен шығарылған.
Айта кетейік, қыркүйек айында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеу тоқтатылатынын хабарлады. Министрдің сөзінше, аталмыш азық-түлік тауарларының бағасын реттеу кезең-кезеңімен тоқтайды.
Таяуда Ұлттық статистика бюросының есебінен БҚО тұрғындары айлық табысының тең жартысын азық-түлікке жұмсайтыны анықталды.
Оқыңыз: БҚО тұрғынары табысының тең жартысын азық-түлікке жұмсайды

