Биыл үш айда Батыс Қазақстан облысында тоқсанында тұтынушыларға 13,7 млн теңге қайтарылды. Бұл туралы облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Руслан Ихсанов хабарлады.
Бөлшек сауда дүкендерінің атына 260 шағым түскен. Тұтынушылар көбінесе тауарды кері қайтара алмағандықтан шағымданған.
Жиһаз жасау, техника жөндеу мен сұлулық салондарына сапасына қатысты 51 шағым түскен.
Электронды сауда бойынша 59 шағым тіркелді.
Үш айда кәсіпкерлік нысандарына қатысты 54 әкімшілік шара қолданылды.
фото: freepik.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

