Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»БҚО-да «Құрылысинвест НС» ЖШС-на 17 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Гүлмира Сарсенғали жаңалық 25/09/2025

БҚО-да «Құрылысинвест НС» ЖШС-на 17 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

БҚО-да мемлекеттік сатып алу кезінде болат құбырларды жеткізуге қатысты бәсекелестікке қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды. Бұл жөнінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

«Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қостанай облысының департаментімен бірлесіп, «Құрылысинвест НС» ЖШС мен өзге де кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты болат құбырларды жеткізуге байланысты мемлекеттік сатып алуларда бәсекелестікке қарсы келісімдер жасау деректері бойынша тергеп-тексеру жүргізді. Нәтижесінде «Құрылысинвест НС» ЖШС-нің іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактілері анықталды», – делінген хабарламада.

«Құрылысинвест НС» ЖШС-на қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Компания бұл шешіммен келіспей, сотқа шағымданды.

Сот талқылауының нәтижесінде «Құрылысинвест НС» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 17 180 690 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ монополиялық табысты тәркілеу түріндегі жаза қолданылды.

Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысы заңды күшіне енді.

Еске салайық, осыған дейін Ақтөбе қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты «СНПС Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамын бәсекелестік туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін айыпты деп таныды. Компанияға 37 млн теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-на 1,42 млрд теңге айыппұл салынатынын жазған едік. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жүк тасымалдау жоспарларын келісу барысында аффилиирленген компанияларға – «KTZ Express» АҚ және «КедентрансСервис» АҚ-на артықшылық беріп, жеке экспедиторлық ұйымдардың қызметіне кедергілер жасағаны анықталды.

Оған қоса Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстандағы 11 әуежайға қатысты тергеп-тексеру бастаған. Себебі әуе керосиннің көтерме және бөлшек сауда нарығына жүргізген талдау нәтижесінде отын құнының негізсіз өсуі анықталды.

Фото: Pexels.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Құрылысинвест НС» ЖШС 2025 Батыс Қазақстан облысы Бәсекелестікке қарсы заңнама Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Орал қаласы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.