Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Дүйсенбі, 19 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»БҚО-да немқұрайлы жобалаудың кесірінен бір ауылдың қаламен қатынасы үзілді
Нұрлыбек Рахманов sarapshy.info 04/11/2022

БҚО-да немқұрайлы жобалаудың кесірінен бір ауылдың қаламен қатынасы үзілді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Орал қаласынан 40 шақырым жердегі Ұзынкөл ауылының тұрғындары бес күннен бері облыс орталығына қатынай алмай отыр. Ауылға кіреберіс 6 шақырым жол жөндеуге жабылғалы 7 ай өткен. Ал тұрғындар үшін айналма жол дайындалмаған, деп хабарлайды sarapshy.info.

Ауыл тұрғындарының 70 пайызы қалада жұмыс жасайды. Мәселе боп тұрған – трассаға дейінгі 6 шақырым жол. Құрылысы 7 ай бұрын басталған жолдың әлі жартысы да бітпеген. Мердігер компания – «ДКС Приоритет». Жобаға алдымен 351 млн.теңге бөлінген. Кейін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, жоба құны 673 млн.теңгеге жеткен.

Ауыл әкімі азық-түлік жеткізіп жүр

Ұзынкөл ауылында 863 адам тұрады. Тұрғындар ауылдағы мәдениет үйінде қаламен қатынас мәселесін талқылауға жиналды. Жиынға Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Сатыбалдыұлы мен мердігер «ДКС Приоритет» ЖШС директорының орынбасары Жарас Сәрсекұлы қатысты.

-Жол құрылысы сәуірде басталса да, әлі бітіре алмай жатыр. Қазір балшықтан тек Нива мен Уаз көлігі ғана өте алады. Барлығы қаладағы жұмыстарына жете алмай қалды. Қатынап оқитын студенттер бар. Денсаулығы нашар қариялар көп, емханаға барулары керек. Ауыл әкімі кеше аяғы ауыр екі әйелді ауруханаға жеткізді. Ауылға күнделікті қажетті нан мен азық-түлікті ауыл әкімі қызметтік Нивасымен тасып жүр. Мердігер жол құрылысын биыл аяқтай алмайтын болса, ауылға дейінгі бұрынғы жолды бірден түгел қырып тастамай, бөлшектеп салуы қажет еді. Мен жұмыс қарқынын көріп, аяқталмай қалуы мүмкін екенін тамыз айынан бастап айтып келемін. Ешкім тыңдамады, — дейді ауыл тұрғыны Есенгелді Захарұлы (суретте).

Айналма жол салса, жоба қымбаттайды

Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Досановтың айтуынша, жобалық-сметалық құжаттарда айналма жол салу қарастырылмаған. Оның ойынша, уақытша айналма жол салатын болса, жоба құны 673 млн. теңге емес, миллиард теңгеге жетер еді.

Ауыл тұрғындары бұған кінәлі жобаға тапсырыс беруші дәл осы аудандық мекеме деген пікірде.

-Жоба 2022-2023 жылдарға арналған болса, ауыл тұрғындары екі жыл бойы қай жолмен жүреді деп ойладыңыздар. Неге халықтың жағдайын ойластырмайсыңдар? Неге ауыл тұрғындарымен бірлесіп талқыланбайды? Қоғамдық тыңдалым неге өтпейді? – деді жиналған ауыл тұрғындары.

Мердігер «ДКС Приоритет» ЖШС директорының орынбасары Жарас Ахметовтің айтуынша, шілдеде материал тапшылығы салдарынан тек 5 күн жұмыс жасалған. Жол құрылысы тек тамызда басталып, қыркүйек айында битум болмай тоқтап қалған.

-Битум тек облыста емес, елде тапшы болды. Қазан айында жұмыс жалғасты. Қазір қажет материалдың бәрі бар, тек ауа райы қолайсыз. Айналма жол жобада қарастырылмаған. Бұл сұрақ басынан көтерілді. Біз жобада келісілмеген болса, айналма жол сала алмаймыз. Халық сұрап отыр деп шаруа қожалығының жеріне рұқсатсыз қалай жол саламыз? Бізге түрлі органдар айыппұл салады, – дейді Жарас Ахметов.

«Аяқталмаған жолды пайдалануға бере алмаймыз»

Қазіргі таңда ауылдан күре жолға дейінгі салынып жатқан 6 шақырым жолдың 1 шақырымына асфальт салынған. Екі шақырымына – щебень, қалған үш шақырымына қиыршық тас (гравий) төселген. Ауыл тұрғындары қиыршық тас үстіне щебень төсеп, уақытша пайдалануға беруді ұсынды.

Бұған Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Сатыбалдыұлы (суретте) қарсы шықты.

-Қазіргі күйінде пайдалануға берсек, салынып жатқан жолдың осыған дейін дайындалған табаны бұзылады. Кейін оны қалпына келтіруден мердігер бас тартуы мүмкін. Мәселе сотпен шешіледі, алайда жол құрылысы 2-3 жылға созылып кетеді, — дейді ол.

Қайрат Досанов ауылда жол талғамайтын көліктерден кезекшілік ұйымдастырып, уақытша қиындыққа шыдай тұруды сұрады. Бұған ауыл тұрғындары келіспеді.

Мердігер екі ай уақыт сұрайды

Бүгінде ауыл тұрғындары даламен тіке қатынап жүр. Олар жүрген дала жолының кей тұстары өте қатты балшыққа айналып, жол талғамайтын көліктердің өзі зорға өтуде. Мердігер компания басшысының орынбасары Жарас Ахметов осы қиындық туғызатын тұстарға щебень төсеп беруді ұсынды. Тұрғындар ми балшыққа айналған дала жолына щебень төсеу ақылға сыйымсыз екенін, оның балшыққа сіңіп кететінін алға тартады. Айналма жол 8-9 шақырымға созылады. Оған щебень төсеп шығу да аз шығын болмайтыны анық.

-Кішкене шыдамдылық танытып, бізге екі ай уақыт беріңіздер. Ауа райы қолайлы болса, асфальт төсеп үлгереміз, — дейді мердігер.

Ауыл тұрғындары қар жауған соң салынған асфальт жолдың сапасына сенбейтіндерін жеткізді. Бірауыздан бөлінген қаражатты тиімді жұмсап, жолды сапалы салуды сұрайды. Сондықтан ауыл тұрғындары әлі аяқталмаған жолды қыс мезгілінде уақытша пайдалануға бере тұруды, ал жол құрылысын келесі жылы күн жылығасын жалғастыруды ұсынды.

Жол құрылысына тапсырыс беруші мекеме мен мердігер мәселенің шешімін әлі тапқан жоқ. Ұзынкөл ауылының тұрғындарының қаламен қатынас мәселесі қашан және қалай шешілетіні әзірге белгісіз.

Нұрлыбек Рахманов, Батыс Қазақстан облысы

Фото, видео автордан

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
sarapshy.info

Түркі халықтары Наурызды қалай тойлайды?

22/03/2025
sarapshy.info

Түркиядағы тергеу: 106 күдіктіге қатысты қамауға алу ордері шығарылды

19/03/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.