Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»БҚО-да мопед жүргізушілері жиі ереже бұзады: бес жылда 84 оқиға тіркелді
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 04/09/2025

БҚО-да мопед жүргізушілері жиі ереже бұзады: бес жылда 84 оқиға тіркелді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

БҚО-да мопед және самокат иелерінің жол жүру ережесін бұзуы салдарынан бес жылда 84 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осы уақыт ішінде бес адам қаза тауып, 95 адам жарақат алған. Бұл туралы БҚО полиция департаменті Sarapshy.info порталына хабарлады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша 929 мопед тіркелген. Биыл мопедтерді тіркеуден өтуге міндеттейтін заң қабылдағаннан кейін ереже бұзған 178 мопед жүргізушісі анықталып, 300 әкімшілік хаттама толтырылған. Оның ішінде  кәмелетке толмаған 36 баланың ата-анасына қатысты тиісті шара қабылданды. Сонымен қатар биыл облыста 168 мопед айып тұрағына қойылды.

Өңірде мопед және самокаттың қатысуымен соңғы бес жыл ішінде жол апаты көбейіп отыр.

2020 жылы алты жол апаты болып, бес адам дене жарақатын алса, 2021 жылы үш апат болып, бір адам қаза болған. Ал бес адам түрлі дене жарақатын алған. 2022 жылы сегіз жол апаты тіркелді. Бір адам көз жұмып, тоғыз адам жарақаттанған. 2023 жылы 15 жол апаты болып, оның ішінде екі адам қаза тапса, 16 адам жараланған. 2024 жылы апат 21-ге көбейген. Бір адам қайтыс болып, 26 адам медициналық көмекке жүгінді.

Биылғы жылдың жеті айында 31 оқиға тіркеліп, 34 адам жарақат алды. Оның ішінде жүргізушілердің кінәсінен алты оқиға тіркеліп, жеті адам жарақаттанған.

Қазақстанда қазірге дейін тиісті заңға сәйкес тіркелген мопедтер саны 48 мыңнан асты.

2024 жылы Қазақстанда мопед жүргізушілерінің (оның ішінде велосипед, скутер бар) кесірінен – 1 260, самокат жүргізушілерінің кінәсінен 90 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұдан барлығы 1 748 адам зардап шекті. Оның ішінде 654-і – кәмелетке толмаған балалар. 1 636 адам жарақат алды, оның 631-і – бала. Аталған оқиғалар салдарынан 112 адам, оның ішінде 23 бала қаза тапты.

Еске салайық, биыл Қазақстанда барлық мопед жүргізушісі мемлекеттік тіркеуден өтуге міндеттелді. 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедті басқаруға тиым салынды.

Жыл басталғалы облыс аумағында жалпы 762 жол-көлік оқиғасы болды. Соның салдарынан 48 адам көз жұмып, 1 178 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Ал балалардың қатысуымен 233 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның ішінде сегіз бала қаза тауып, 282 бала әртүрлі дәрежеде жарақаттанған.

Фото: Freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 Sarapshy.info порталы Басты ақпарат Батыс Қазақстан облысы БҚО полиция департаменті Қазақстан Мопед Мопедтерді тіркеуден өтуге міндеттейтін заң Облыс аумағы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.