Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Вторник, 1 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Оқиға»БҚО-да киік атқаны үшін сотталғандардың туыстары көмек сұрады
Нұрлыбек Рахманов Оқиға 10/08/2022

БҚО-да киік атқаны үшін сотталғандардың туыстары көмек сұрады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысында киікті заңсыз атып, экологиялық қылмыс жасағаны үшін сотталған 11 адамның туыстары облыстық соттың алдына жиналды. Олар сотталғандардың көпбалалы әке екенін айтып, сот үкімін өзгертуін сұрап отыр.

Сотталған 11 азамат – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Сарыкөл және Мәштексай ауылының тұрғындары. Олар 2020 жылдың тамызында ұсталды. Тергеу жүргізіліп, сот үкімі 2022 жылдың 29 наурызында шықты. Қылмыстық іс алдымен облыстық сотта қаралып, кейін Жаңақала аудандық сотына берілді.

11 ер адамның 51 баласы тірі жетім болып қалды. «Балалар жылы» дегені қайда? Бәріміз көпбалалы анамыз, мынадай қымбатшылықта балаларды қалай асыраймыз? Күйеуіміз 7 жыл 3 ай түрмеде отыруы керек. Одан шыққан соң мойнына ілінген 165 миллион теңгені қалай төлейді? Түрмеден шыққан соң оларды жұмысқа кім алады? Тіпті несие де берілмейді. Осыншама қаржыны өтеу тіпті төртінші-бесінші ұрпағымызға дейін жалғасатын шығар?!, – дейді сотталған Нұр­лы­бек Жан­гереев­тің жұбайы Алтыншаш Байқо­нақова.

Әйел кісі өлімі үшін 4-5 жыл берілетінін, алайда киік атқандарға қатаң жаза қарастырылғанын айтады. Әділдік іздейміз, сот шешімімен келіспейміз, дейді ол.

Сондай-ақ осы іске байланысты Сарыкөл елді мекенінің тұрғыны Жанарбек Максимовтың үйіне 2020 жылдың 15 тамызында тінту жүргізілген.

«Таңғы сағат 6:30-да үйге тергеушілер бетперде таққан әскерилермен бірге баса көктеп кірді. Ұйқыдағы отбасымыз ештеңені түсінбей қалдық. Себебін сұрағанымызда киік атуға байланысты жүрміз, қылмысқа қатысыңыз бар-жоғын тексереміз деді. Тінту кезінде ештеңе таппады. Үйдегі автокөлік пен мотоциклді тәркіледі. Күйеуімді тергеуге алып кетіп, кейін босатты. Кейін шақырып, жауап алмастан қолына кісен салған. Қамау мерзімі бірнеше күннен бірнеше айға созылды», — дейді Максимовтың әйелі Марал Қазиева.

Сот процесі облыстық сотта 2021 жылдың 29 қаңтары басталған. Іс 16 маусымда аудандық сотта қаралды.

«Іс ауданға ауыстырылған кезде де күйеуіме қарсы куәгер табылмады. Әр бейсенбі сайын сот отырысы болды. Қылмыстық іске 62 куәгер шақырылған, алайда менің жолдасыма қарсы куәгер болмады. Оралға алып кетті. 2022 жылдың 22 қаңтарында қайта Жаңақала ауданына әкеліп, екі айға босатты. Үйқамақта болды. 29 наурызда 11 жігіт 7 жыл 3 айға сотталды. Қылмыстық топ деп соттаса да, оны кім құрғанын айта алмады», — дейді әйел.

Үкім қылмыстық кодекстің 337-бабы («заңсыз аңшылық») және 339-бабы («өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлері, олардың бөліктері немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») бойынша шықты.

Сот шешімімен келіспеймін. Қылмыс үстінде ұсталса немесе тінту кезінде айғақ табылса басқа, бұл жерде дәлел де, куәгер де жоқ. Сотталғандардың барлығы көпбалалы. Бәрі асыраушысыз қалды, соны ескеріп, неге жеңілдік жасамайды? Апелляциялық шағым түсірдік, әділ шешім сұраймыз, — дейді Марал Қазиева.

Бұл істе сотталушылардың көбі киікті атпағанын, тек далада жатқан өлексесінен мүйізін кесіп алғанын айтқан.

«Киік саны шектен асып, Үкіметтің өзі оны ату жайлы мәселе көтеріп отыр. Даладағы өлексенің мүйізін жинағандарды 7 жылға соттау тым қатаң жаза», — дейді жиналғандар.

«Топтың ішінде інім кінәсіз сотталып кетті. Оралда екі жерде жұмыс істейтін. Ауылдағы үйді тінтіп, киіктің мүйізін тапқан. Оны інім көрмеген екен. Соттың шешіміне келіспейміз», — дейді сотталушы Жанайдар Отаровтың ағасы Бейбіт Отаров.

Сотталғандардың туыстары Amanat партиясының облыстық бөліміне көмек сұрап барған. Алайда партия бұл мәселеге ықпал ете алмайтынын жеткізген.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі бұл іс бойынша апелляциялық арыз 16 тамыз қаралатынын растады. Сотталғандардың жақындары сот отырысын онлайн форматта емес, ашық режимде өткізуді сұрады.

Нұрлыбек РАХМАН, Батыс Қазақстан облысы

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқиға

Көлік апатынан ҰҚК-ның екі қызметкері көз жұмды

25/06/2025
Оқиға

Бөкей ордасы ауданында жүк көлігіне пойыз соқтығысты

24/06/2025
Оқиға

Дауыл салдарынан Павлодар облысында төтенше жағдай жарияланды

20/06/2025

Жаңа мақалалар

Еңбек министрінің бұрынғы орынбасары Ақмәди Сарбасов тергеліп жатыр

жаңалық 01/07/2025

Тұрғындар үкіметке сумен қамту мәселесі бойынша 30 мыңға жуық арыз-шағым жолдаған

жаңалық 01/07/2025

Баку Ресейге неге наразы?

Әлем жаңалықтары 30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

жаңалық 30/06/2025

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

sarapshy.info 30/06/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Еңбек министрінің бұрынғы орынбасары Ақмәди Сарбасов тергеліп жатыр

01/07/2025

Тұрғындар үкіметке сумен қамту мәселесі бойынша 30 мыңға жуық арыз-шағым жолдаған

01/07/2025

Баку Ресейге неге наразы?

30/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.