Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»БҚО-да әйелдер құқығына қайшы қылмыс саны артты
Дария Ғұмар жаңалық 25/11/2025

БҚО-да әйелдер құқығына қайшы қылмыс саны артты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысында әйелдердің қысымға ұшырауына байланысты қылмыс саны артып келеді. Ресми есептерде профилактикалық шаралар күшейтіліп, жаңа заңдар қабылданғаны айтылғанымен, статистикадан бөлек көзге көрінбейтін мәселелер жетерлік. Зорлық-зомбылықтың шынайы себептері, оның цифрлық кеңістікте күшеюі, жәбірленушілердің қолжетімді көмексіз қалуы секілді олқылықтар ресми баяндамаларда қозғала бермейді.

Зорлық-зомбылық статистикасы

2025 жылдың он айының қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында әйелдердің  құқығына қайшы 1330 қылмыс тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 1273 іспен салыстырғанда жоғары. Аталмыш қылмыстардың ішінде 134 жағдай тұрмыстық зорлық-зомбылық ретінде танылған.

Бұл тізімде адам өлтіру, ауыр және орташа ауыр дене жарақатын келтіру, жеңіл зиян келтіру, ұрып-соғу және қорқыту сынды түрлі формадағы әрекеттер бар. Тіркелген істердің арасында ең көп кездесетін қылмыс түрі – ұрып-соғу (62) мен жеңіл дене жарақатын келтіру (36). Сонымен қатар өңірде адам өлтіру сияқты ауыр қылмыс түрі бойынша бір іс тіркелген.

Жыл басынан бері отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы заңға қайшы әрекеттер үшін 2316 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соттар 868 адамға мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгілеп, олардың 472-сінің бұл талаптарды бұзғаны анықталған.

Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2464 қорғау нұсқамасы шығарылып, оны бұзғаны үшін 152 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.

Қыз-келіншектерге қатысты тіркелген құқық бұзушылықтардың қалған бөлігі мүлікке қарсы жасалған қылмыстар санатына кіреді. 1330 қылмыстың 448-і алаяқтыққа жатады.

БҚО полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік комитетінің бастығы, подполковник Олжас Ибрайымов өңірде әйел адамдардың құқығын қорғау үшін тиісті шаралар жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта БҚО аумағында цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсы ашық диалог форматында кездесулер өтіп жатыр. Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау аудандарының тұрғындарымен кездестік», – деді ол.

Заңнамадағы өзгерістер

Биыл елде гендерлік және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес заңнамалық деңгейде айтарлықтай күшейтілді. 2025 жылдың 16 шілдесінде қылмыстық кодекске сталкинг және некеге тұруға мәжбүрлеу туралы тармақтар қосылды.

Бұл баптар бұрын көбінесе ашық айтылмайтын, бірақ қоғамда кең тараған зорлық-зомбылық формаларын ескеруге мүмкіндік береді.

Заң қабылданбас бұрын соңғы үш жылда елде қыз алып қашу немесе мәжбүрлеп некеге тұрғызу фактілеріне қатысты 214 шағым түскен.

Айта кетейік, қазан айында Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында қыз алып қашып, неке қиюға мәжбүрлеген азаматтарға іс қозғалды.

Ішкі істер министрлігі бастамасымен қаңтар айында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі арнайы бөлімше құрылды. БҚО-да бұл мақсатта жұмыс істеуге қосымша 30 штат бірлігі ашылды.

2024 жылдың 14 сәуірінде Қазақстанда халық «Салтанат заңы» атап кеткен «Әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң күшіне енді. Бұл өзгеріс 2024 жылдың 14 маусымынан бастап қолданыста жүр.

StopBullying ұйымының деректері

Батыс Қазақстанда буллингтен зардап шеккендерге көмек көрсететін StopBullying қоғамдық бірлестігі бар. Аталмыш ұйым басшысының орынбасары Айнұр Сабырованың айтуынша, жыл басынан бері StopBullying-ке 5567 өтініш түскен.

«Бізге көбінесе буллинг, қатыгездік, жанжалдар, кибербуллинг және бопсалаумен бетпе-бет келген жандар жүгінеді. Бірлестігіміз құзырлы органдармен бірлесе жұмыс істейді, зардап шеккендердің құқығын қорғау үшін барлық керек шараларды атқарамыз», – деді төраға орынбасары.

Батыс Қазақстандағы атышулы іс

2024 жылы БҚО-да өз күйеуін өлтіру үшін адам жалдаған әйел ұсталды. Бастапқыда жұбайымен мүлік үшін таласқан деп айыпталған Эльвира Еркебаеваның бұл қадамға не үшін барғаны тергеу барысында белгілі болды.

«НеМолчиKZ» қорының айтуынша, күдікті Еркебаева – ұзақ жылдар бойы күйеуінен қатігездік көрген жәбірленуші. Ол бірнеше жыл бойы екі жұмыс істеп, жалғыз өзі отбасын қамтамасыз етіп келген.

Атышулы іске қатысты сот отырысы алқабилердің қатысуымен өтті. Судья Эльвира Еркебаева мен оның сыбайласы Максим Кузнецовты қаруды заңсыз сақтағандары үшін үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз не істеу керек?

Статистика әйелдерге қатысты қылмыстық істердің саны әлі жоғары екенін көрсетеді. Өңірде жарақаттау және қудалаудан зардап шеккен адамдарға арналған оңалту орталықтары бар.

ПД қоғамдық қауіпсіздік комитетінің бастығы Олжас Ибрайымов зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету тәртібін түсіндірді.

«Әр азамат өз арыз-шағымын жеткізуге құқылы. БҚО-да өзге тұлғаның кесірінен жапа шеккендерге арналған оңалту орталықтары жұмыс істеп тұр. Ол жерлерде тиісті психологиялық және құқықтық көмек көрсете алатын мамандар бар.

Зорлық-зомбылық үшін күдіктілерді тергеу тәртібі қолданыстағы заңнаманың нормаларына сүйеніп өткізіледі», – деді ол.

StopBullying бірлестігі басшысының орынбасары Айнұр Сабырова цифрлық кеңістікте буллингтен сақтану амалдарын бөлісті. Оның айтуынша, алдымен жеке аккаунттарды қорғау мәселесі назарда болуға тиіс. Сенімді, күрделі құпиясөздер орнату, екі факторлы аутентификацияны қосу және әлеуметтік желілерге кіретін барлық құрылғыларды жүйелі түрде тексеріп отыру – цифрлық қауіпсіздіктің ең алғашқы қадамы. Көп жағдайда агрессорлар жәбірленушінің аккаунтына рұқсатсыз кіру арқылы бақылау жүргізеді немесе қысым көрсетеді.

Сонымен бірге интернетте жеке ақпаратқа аса сақтықпен қарау маңызды. Фотосуреттерге, геолокацияға және құжаттарға қолжетімділікті шектеген хақ.

Киберқылмыстың алғашқы белгілері байқалған жағдайда жәбірленуші дәлелдерді сақтап қалуға тырысуы керек. Жеке хаттар, қоқан-лоқы, бопсалау немесе рұқсатсыз алынған ақпарат скриншот түрінде сақталғаны жөн.

«Біз ұстанатын ең маңызды қағида – еш жағдайда жәбірленушіні кінәламау. Зорлық-зомбылықтың кез келген түрінде жауапкершілік тек агрессордың мойнында. Сол себепті әйелдер көмек сұраудан қорықпауға тиіс», – деді маман.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 Әйелдер құқығы Басты ақпарат БҚО БҚО полиция департаменті Гендерлік теңдік Орал
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.