«Еліміз бойынша 3000-нан астам ауыл интернетпен қамтылады. Соның ішінде 88,8%-ына талшықты-оптикалық желі, ал қалған 12%-ына спутниктік байланыс арқылы қол жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ 713 ауылда қоғамдық Wi-Fi іске қосылады», — деді вице-министр.

2024-2025 жылдары Kcell мен BeeLine компаниялары Батыс Қазақстан облысында 145 4G базалық станциясын орнатқан. 2025 жылдың алғашқы 6 айында Kcell 5G желісін тартатын 33 базалық станция қондырды.
Спутниктен Орал қаласының аумағында 13 “ақ нүктенің” (желі нашар ұстайтын аймақ) төртеуінде байланыс іске қосылған. Қалған тоғыз жерге байланыс орнату жұмыстары биыл аяқталады.
Шалғай ауылдардағы мектептерді спутниктік интернетпен толық қамтамасыз етуге аса назар қойылған. Жоба аясында OneWeb компаниясы Қазақстанда серверлерінорналастырған, алдағы уақытта Starlink те интернет орнату бойынша жұмыс бастайды.
«Бұл шешім мектептердегі қауіпсіз әрі сапалы иbнтернетке жол ашады», – деді Дмитрий Мун.
фото: freepik.com

