Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»БҚО-да екі майнинг фермасы жұмыс істейді
Дария Ғұмар жаңалық 04/09/2025

БҚО-да екі майнинг фермасы жұмыс істейді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысының аумағында LLY Agro Energy және Azimut Capital Limited компаниялары салған екі цифрлық майнинг фермасы тіркелген. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Sarapshy.info агенттігіне берген ресми жауабында хабарлады.

Майнинг фермасы – тәулік бойы жұмыс істеп, күрделі есептерді шығару арқылы криптовалюта өндіретін компьютерлер орналасқан орын. Бұл құрылғылар электр энергиясының көп мөлшерін қажет етеді, сондықтан бір майнинг фермасы мыңдаған отбасының айлық жарық шығынымен тең қуат жұмсай алады.

Қазір елімізде Ақтөбе, Алматы, Алматы, Астана, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан,, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан 81 майнинг фермасы тіркелген.

2020 жылы Бәйтерек ауданына қарасты Белес ауылында майнинг фермасы ашылған. Оның иесі – қытайлық LLY Agro Energy компаниясы. LLY Agro Energy-дің Орал қаласында орналасқан филиалы бар.

Қазір компанияға 33 түрлі майнинг аппараты тиесілі. Олардың ішінен ең көп электр энергиясын тұтынатыны – Antminer S19-95T. Майнинг фермасында бұл аппараттың 4364 данасы бар және әрбірі сағатына 3,5 кВт энергияны қажет етеді.

Екінші майнинг компаниясын Azimut Capital Limited ашты. Алайда бұл компанияның БҚО-дағы қызметі, орналасқан жері мен өндірістік қуаты туралы ашық ақпарат табылмады. Аталмыш ЖСШ майнингтен бөлек Орал қаласында тұрғын үй салумен айналысады.

Қазақстанда цифрлық майнерлерді электр энергиясымен қамтамасыз етуге «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» компаниясы жауапты. LLY Agro Energy мен Azimut Capital Limited ЭҚРҚО клиенттерінің тізімінде бар.

Компанияның есебіне сәйкес 2025 жылдың шілдесінде LLY Agro Energyмайнинг фермасы сағатына 2 мың кВт тұтынған.

Халықаралық энергетика агенттігінің зерттеуі бойынша, 4 адамнан тұратын отбасы айына 300-500 кВт электр энергиясын тұтынады. Демек, бір ғана майнинг фермасының бір айдағы энергия шығыны мыңдаған отбасының тұтынуымен пара-пар.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың тамызында Шығыс Қазақстан облысында майнинг кәсіпорындарына 9 млрд теңгеден астам сомаға электр энергиясы заңсыз берілгені анықталды. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

фото: ЖИ-генератор

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Azimut Capital Limited KOREM LLY Agro Energy Басты ақпарат ҚР Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Майнинг фермасы цифрлық майнинг ЭҚРКО
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.