Батыс Қазақстан облысында балалар отырған автобус жол апатына түсті. Қазір іс бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ернар Сұлтанғалиев.
Оқиға бүгін, 31 наурызда сағат 14:00 шамасында Теректі ауданы Подстепное ауылы маңында болған. Жолаушыларды тасымалдап келе жатқан қоғамдық көлік мектеп автобусының артқы бөлігіне соғылған. Қоғамдық көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Соққы салдарынан мектеп автобусы алдында тұрған Ford Galaxy автокөлігіне соқтығысқан.
фото: istockphoto.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

