Полицияның мәліметінше, күдікті Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша (бұзақылық) ұсталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, оқушылар арасындағы жанжал өзара кикілжіңнен басталған.
«Оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Материалдар аудандық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды», – деп мәлімдеді полиция департаменті.
«Оқиға орнына облыстық білім басқармасының мобильді тобы мен құқық қорғау органдарының өкілдері аттанды. Қазір мектептерде ата-аналармен және оқушылармен түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр», – деді ол.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

