Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»БҚО-да 30-дан астам мемлекеттік нысан жекенің қолына өтеді
Дария Ғұмар жаңалық 24/11/2025

БҚО-да 30-дан астам мемлекеттік нысан жекенің қолына өтеді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысында 30-дан астам мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Ұлттық жекешелендіру кеңсесі хабарлады.

Жекешелендіруге ұсынылған нысандардың қатарында «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы», «Жайықтеплоэнерго», «Ақсайжылуқуат», «Орал Құрылыс Жөндеу Сервис» және су, жылу, коммуналдық қызмет көрсететін өзге де ұйымдар бар.

Айта кетейік, қазір «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясының» Ұлттық электр желісі операторы, жөндеу және инвестициялық жобаларға материал жеткізушілер мен «Бірыңғай сатып алушы» алдында берешегі бар.

Оқыңыз: БҚО-да электр желісі 86% тозған: компания тағы да тариф көтеруді ұсынады

Сонымен қатар өңірдегі «Шалқар табиғаты», «Ақсай жаңғырту» секілді серіктестіктер де жеке меншікке берілмек.

Тізімге білім беру және ғылыми ұйымдар да енгізілген. Атап айтқанда, өңірдегі бірқатар колледждер – Сервис және жаңа технологиялар колледжі, А. Иманов атындағы жол-көлік колледжі, Құрманғазы атындағы музыкалық колледж, Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж жеке меншікке өтеді.

Бұдан бөлек облыстағы 11 аудандық және бір қалалық ветеринарлық станция жекешелендіруге шығарылған.

2024 жылы Оралда теннис орталығын жекешелендіруге қатысты дау туды. 1,6 млрд теңгеге салынған спорт алаңы 2021 жылы 21 млн теңгеге сатылымға қойылды.

Теннис орталығын жергілікті кәсіпкер Юрий Ткалун иелігіне өтті, алайда жергілікті мәслихат өкілдері орталықты сату туралы шешіммен келіспеген. Ткалун мәслихат депутаттарының шешіміне қарсы шығып, арыз жазған.

Өткен жылдың желтоқсан айында Жоғарғы сот нысанды жекешелендіру туралы шешімді заңсыз деп танып, теннис орталығын мемлекетке қайтарып берді.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 БҚО Екінші ақпарат жекешелендіру
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.