Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 1 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанның такси нарығы: бәсекелестік төмен, сұраныс жоғары, бақылау шектеулі
Наргиза Ерес sarapshy.info 28/12/2024

Қазақстанның такси нарығы: бәсекелестік төмен, сұраныс жоғары, бақылау шектеулі

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстандағы такси нарығында цифрландыру, бәсекелестіктің артуы және тұтынушылық сұраныстың өсуіне байланысты соңғы бірнеше жылда елеулі өзгерістер болды. Дегенмен, саланың дамуы оң және теріс факторлармен қатар жүреді. Бұл экономика, әлеуметтік жеңілдіктер және нормативтік-құқықтық база құру тұрғысынан жан-жақты талдауды қажет етеді.

Сұраныс жоғары, жүргізуші тапшы

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылдың алғашқы бес айында жолаушылар тасымалы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25% өcкен. Осы кезеңде такси қызметі 28,4 млн-нан астам жолаушыны діттеген жеріне жеткізген. Статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы такси нарығы жыл сайын шамамен 15-20%-ға өсіп келеді. Алайда саладағы қаржы айналымына қатысты мәселе әлі де күн тәртібінде. Себебі адал табысынан салық төлеуге асығатын жүргізушілер көп емес. Сарапшылар болжамы бойынша жалпы нарық көлемі 150-200 млрд теңгені құрайды. Осы тұста нарықтың басым бөлігі Алматы, Астана және Шымкент сияқты ірі қалаларда шоғырланған. Бұған халықтың тығыздығы мен урбанизация әсер етіп отыр. Алайда саланың дамуымен қатар салық, заң, тәртіп сынды қайшылықтар да жетерлік.

2023 жылдың қарашасында жарияланған мәліметтерге сәйкес республикада 213 мың такси жүргізушісі тіркелген. Олардың 17%-ының негізгі жұмысы – жолаушы тасымалдау. 83%-ы бұл қызметті қосымша табыс көзі ретінде көреді. Бірақ соған қарамастан елімізде такси жүргізушісі тапшы. Бұған жолаушылар ағынының қарқынды өсуі мен кірістің өсуі дәлел.

«2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында такси тасымалының кірісі жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46% өсіп, 3,3 млрд теңгеден астам соманы құрады. Мұндай динамика сұраныстың ұсыныстан артып, алшақтықтың өсіп келе жатқанын көрсетеді. Себебі елде такси жүргізушілері жеткіліксіз», – деп хабарлады Қазақстан такси қызметі республикалық қауымдастығы.

Нарық құрылымы қандай?

Елімізде негізінен таксидің 3 түрі жолаушылар тасымалын іске асырады:

  1. Классикалық таксилер. Олар стандартты тарифтер бойынша жұмыс істейтін лицензияланған қызметпен айналысады.
  2. Цифрлық агрегаторлар –Yandex GO, InDriver, Uber. Бұлар нарықтың 70%-ға жуығын алып жатқан басым сегмент.
  3. Жеке тасымалдаушылар – көбіне келісім бойынша жұмыс істейтін лицензиясы жоқ жүргізушілер.

Қазақстандықтар көліктері мен қоғамдық көліктерді таксиге «алмастыра» бастады

Сарапшылар мұның бірнеше себебін атады. Қазақстан қалаларындағы көлік паркінің өсуі көлік кептелістерінің қалыпты жағдайға айналуына және тұрақ орындарының тапшылығына әкелді. Сонымен қатар, жеке көлікке қызмет көрсету құны (жанармай, жөндеу) такси құнымен салыстырғанда бірдей, ал шығыны аз.

Тағы бір фактор – жайлылық. Интернет-платформалардың іске қосылуы жол жиегінде тосылып тұру немесе такси компаниясына қоңырау шалу қажеттігін төмендетті.

Дегенмен, бұл жаңашылдықтың артында қымбатшылық сынды тағы бір мәселе туындады. Мәселен, кеше 500 теңгеге бағаланған сапар бүгінде 800 немесе 1000 теңге тұрады.

Тариф қалай белгіленеді?

Цифрлық платформалардың өзіндік баға формуласы бар: көлік шақыру құны, белгіленген уақыт кезіндегі тариф және километрге шаққандағы шығын құны. Яғни, баға осы факторларға байланысты өзгеріп тұрады. Бағаны жолаушының (немесе жүргізушінің) өзі белгілейтін платформаларда бірдей механизм қолданылады. Жолаушы төмен баға ұсынса оған ешкім келмейді. Бұл ретте жолаушылар баға қымбат және көліктер жоқ, жүргізушілер керісінше тариф тым арзан және тапсырыс жоқ деген екіұдай пікір білдіреді.

Нарықтың дамуына цифрландыру ықпал етті

Қазақстан нарығында Yandex GO және InDriver сияқты цифрлық платформалардың іске қосылуы бәсекелестік ортаны  айтарлықтай өзгертті. Бұл екеуі де ресейлік компания. Агрегаторлар тұтынушыларға ашық тарифтер мен мобильді қосымшалар арқылы көлікті шақыру мүмкіндігін ұсынып отыр. Алайда жүйе мереке алдындағы күндері, бұқаралық іс-шаралар немесе қолайсыз ауа райында жоғары сұранысты пайдаланып бағаны күрт көтеруді әдетке айналдырған. Әсіресе мұндайды Yandex жүйесінен жиі байқауға болады.

Бағаны ауыздықтау мақсатында 2022-2023 жылдары Бәсекелестікті қорғау агенттігі компанияға қатысты тергеу жүргізіп, қауырт уақытта тарифті 3 еседен артық көтеруге тыйым салды. Себебі такси қызметі бағаны 5 есеге дейін көтерген жайттар тіркелген. Сонымен қатар компания Қазақстанның цифрлық экожүйесін қолдау қорына 3 млрд теңге аударуға міндеттелді.

Бұл да компанияның жоғары тарифін тежей алды ма? Айта кететіні, Қазақстан нарығында аталған компанияға бәсекелестер жоқтың қасы. Мәселен, 2021 жылы жылы отандық такси саласына келген қытайлық DiDi агрегаторы да белгісіз себептермен 2022 жылы өз қызметін тоқтатты. Бүгінгі таңда бұл саладағы негізгі ойыншылар Ресейлік Yandex GO және InDriver. Басқа компаниялардың үлесі мардымсыз.

  • Қазақстанның ірі қалаларында таксиге тапсырыстардың 90%-ы цифрлық платформалар арқылы беріледі.
  • Соңғы 3 жылда агрегаторларды белсенді пайдаланушылар саны 25%-ға өсті.
  • Агрегаторлар арқылы Алматы, Астана ішінде қатынау құны орта есеппен 1000-2000 теңгені құрайды.

Аталған компания қанша салық төледі?

Қазақстан нарығындағы үстем компаниялар 2023 жылы қомақты табыс тапқан. Мұны олардың қаржылық есебінен байқауға болады. Мәселен, елдегі жүргізушілер мен такси компаниялары Yandex-пен ынтымақтаса отырып, 2023 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында тапсырыстардан 400 млрд теңгеден астам табыс тапты. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бір жарым есе көп. Айта кететіні, жүргізшілер аталған агрегаторға табысының 20-25%-ын комиссия ретінде төлейді. Демек тиісті кезеңде бұл компанияға 100 млрд теңгеден артық кіріс кірген.

Ресейлік ЖШС қомақты кірісінен Қазақстан бюджетіне қанша салық төледі? SARAPSHY.INFO мұны Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен анықтады. Тілші сауалына ведомство 2023 жылы компания 4 млрд теңгеден астам салық төлегенін хабарлады.

«Яндекс Такси Корп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлеген салықтық төлемдер сомасы 2023 жылы – 4 421 326 178 теңгені, 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында – 15 000 098 534 теңгені құрады», – деп хабарлады SARAPSHY.INFO порталының сауалына Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

Ал ЖШС есебінде Yandex Qazaqstan ел бюджетіне жалпы сомасы 23 млрд теңге төлегені жазылған. Бұл ретте такси агрегаторы аталған холдингтің бір бөлігі екенін айта кеткен жөн.

Сонымен қатар такси агрегаторы «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушы ретінде тіркелген. Сол арқылы біраз салықтық жеңілдіктерге ие. Мысалы, технологиялық парк қатысушылары корпоративтік табыс салығынан 100% босатылған.

Дегенмен, мамандар цифрландыру жүргізушілердің еңбек жағдайын үнемі жақсарта бермейтінін айтады. Себебі агрегатор да жыл сайын комиссияларын арттырып келеді. Қазіргі кезде оның көлемі 20-25% -ға жетеді, бұл жүргізушілердің кірісін айтарлықтай төмендетеді.

«Цифрландыру нарықты тұтынушылар үшін қолжетімді етті, бірақ жүргізушілер арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің нашарлауына әкелді», – дейді сала мамандары.

Такси жүрізушілеріне талап күшейтіледі

2025 жылдан бастап барлық такси жүргізушілері әкімдікте тіркелуі, тасымалдаушымен еңбек шартын жасауы немесе жеке кәсіпкер ретінде салық төлеуі керек.

Билік тәртіпті қалпына келтіріп, сала қызметін жүйелеуді ұйғарды. Үкіметтегілер мұны заңсыз тасымалдаудың көбеюінен тас жолдарда адам өліміне әкелетін апаттардың көбеюімен түсіндірді. Сонымен қатар, мемлекет такси жүргізушілерінің табысын есепке алып, оларды әлеуметтік және медициналық сақтандыруға міндеттемекші. Тіркеусіз такси жүргізгені үшін 15 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.

Таксимен қатынау қауіпсіз бе?

Соңғы кездері жол ережесін бұзу, техникалық ақауы бар көлікпен жүруден бөлек, Yandex GO жүргізушілері мен жолаушылар арасында кикілжіңдер жиіледі. Бұған қоса жүргізушілер арасында шетел азаматтары да кездестіруге болады. Бұл қаншалықты заңды? SARAPSHY.INFO тілшісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне хат жолдап, осы туралы толығырақ сұрады.

«ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына сәйкес шетелдік азаматтардың немесе азаматтығы жоқ адамдардың шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктері біздің елімізде 60 күн өткен соң жарамсыз болып саналады», – деп хабарлады құзырлы ведомство.

Демек, 60 күн өткен соң шетел азаматтары теориялық емтихан тапсырып, ҚР жүргізуші куәлігін алуы керек. Ал талапты орындамағандардың Қазақстан аумағында көлік жүргізу құқығы жоқ.

Бұған қоса агрегаторларға «Баламен» режимін таңдаған жолаушылар үшін тиісті жағдай жасау міндеттелген. Атап айтқанда, балаға арналған орындықтың болуы, оны бекітіп қоятын белбеу сынды.

Реттеу және мемлекеттік саясат

Нарықтың өсуіне қарамастан, такси секторында бірнеше келелі мәселе бар. Қазақстан такси қызметі республикалық қауымдастығының хабарлауынша, жүргізушілерге міндетті лицензия мен сертификаттау енгізу қажет. Бұл заңсыз тасымалдаушылардың үлесін азайтуы мүмкін. Сондай-ақ, сандық платформалар арқылы жұмыс істейтін жүргізушілер үшін жаңа еңбек стандарттарын әзірлеу керек.

Бұған қоса сарапшылар жүргізушілерге субсидиялар мен салық жеңілдіктері арқылы экологиялық таза көлікке көшуді ынталандыруды ұсынды.

«Жүргізушілердің көпшілігі ескі көліктерді пайдаланады, бұл қалаларға экологиялық жүктемені арттырады. Мемлекет электромобильдер мен гибридті көліктерді пайдалануды ынталандыруы керек», – дейді экологтар.

Cурет: Pexels.com

 

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Яндекс Такси Корп» DiDi агрегаторы InDriver Uber Yandex GO Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қазақстан қаржы министрлігі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025
sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.