Қазақстанның автокөлік нарығында он бір ай ішінде Hyundai, Chevrolet пен Kia брендтерінің сатылымы артты. Ең танымал модельдер арасында Chevrolet Cobalt, Hyundai Tucson және Haval M6 ерекше орын алды.
Қазақстанның Автокөлік Одағының (ҚАО) мәліметінше, 2024 жылы күздің соңғы айында, яғни қарашада 20 984 жеңіл автомобиль мен коммерциялық техника сатылған. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 10,7%-ға жоғары.
Дилерлер 2024 жылдың 11 айында 179 628 жаңа көліктің кілтін иелеріне табыстаған.
ҚАО Президенті Анар Мақашева жыл соңы жаңа көлік алу үшін тиімді кезең екенін айтады. Себебі соңғы екі ай қатарынан нарықта 20 мыңнан астам машина сатылған.
Қараша айында ең көп сатылған автокөлік брендтері мен танымал модельдер тізімі төмендегідей:
- Chevrolet – 4 418 бірлік (+4,1%)
- Hyundai – 3 829 бірлік (+6,3%)
- Kia – 1 617 бірлік (-23%)
- Chery – 1 515 бірлік (-24,4%)
- Haval – 1 451 бірлік (+89,4%)
- Toyota – 1 211 бірлік (-3,3%)
- Geely – 978 бірлік (+116,4%)
- Changan – 966 бірлік (+100%)
- Jetour – 923 бірлік (+48,9%)
Ең танымал модельдер:
- Chevrolet Cobalt – 4 159 бірлік
- Hyundai Tucson – 1 843 бірлік
- Haval M6 – 727 бірлік
- Hyundai Elantra – 726 бірлік
- Chery Tiggo 7 Pro – 618 бірлік
- Chery Tiggo 4 – 546 бірлік
- Toyota Camry – 511 бірлік
- Hyundai Sonata – 508 бірлік
- Changan CS55 Plus – 466 бірлік
- Kia Sportage – 437 бірлік
2024 жылдың 11 айы бойынша алғашқы ондыққа кірген көліктер қатарын Hyundai (37 998 бірлік) бастады. Екінші орында Chevrolet ( 26 463 бірлік), сатылымы бойынша үшінші орында Kia (21 087 бірлік) автокөлігі тұр. Одан соң Chery (13 491 бірлік), Jac – 10 143 бірлік, Toyota – 9 790 бірлік, Haval – 9 672 бірлік, Jetour – 8 360 бірлік, Changan – 7 700 бірлік, Geely – 7 237 бірлік.
Бұл көрсеткіштер автомобиль нарығындағы тұрақты өсім мен танымал брендтердің сатылымдағы үлесін көрсетеді.
Сурет: Pixabay