2025 жылы Қазақстан азаматтарының Halyk Bank-тан алған және әлі өтемеген несиелерінің жалпы құны 10,4 трлн теңгені құрады. Бұл туралы компанияның бір жылдық қаржы есебінен мәлім болды.
Былтыр банктың таза пайдасы 1,06 трлн теңгені құрады. Табыстың негізгі көзі (1,29 трлн теңге) пайыздық үстемеден түскен. Сақтандыру қызметі компанияға 105 млрд теңге көлемінде пайда әкелген.
2025 жылы банк акционерлерге 552,5 млрд теңге дивиденд төлеген. Осылайша банк ел тарихында жылдық таза табысы 1 трлн теңгеден асқан алғашқы коммерциялық банкқа айналды. Өткен жылы компания табысы 14,9%-ға аз болған.
Айта кетейік, банк елдегі ірі салық төлеушілердің бірі саналады. Өткен жылы Halyk Bank мемлекетке 240 млрд теңге салық төлеген.
фото: freepik.com

