Мемлекетке иелігіндегі «Қазақстандық атом электр станциялары» компаниясы 2024 жылы 766, 9 млн теңге шығынға ұшыраған. Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп. Бұл туралы компанияның қаржылық есебінде хабарланды.
2023 және 2024 жылдары ҚАЭС компаниясы еш табыс таппаса да, бір жыл ішінде компанияның шығындары 351,3 млн теңгеден 779,3 млн теңгеге дейін артқан. Сонымен қатар, қызметкерлер саны 16-дан 13 адамға қысқарғанына қарамастан, еңбекақыға кететін қаражат 157,1 млн теңгеден 203,8 млн теңгеге дейін артқан.
Ең қызығы, 2024 жылы ҚАЭС өзіне жарнама жасау үшін 458,9 млн теңге жұмсаған. Бұл 2023 жылғы 86,2 млн теңгемен салыстырғанда 5,3 есеартық. Ал жалпы жиналған шығындар нәтижесінде КАЭС-тің меншікті капиталы 570,3 млн теңгеден 522,9 млн теңгеге дейін азайды.
Компания Қазақстанда салынатын барлық 3 АЭС-тің операторы саналады, ал алғашқы станцияны Алматы облысындағы Үлкен ауылында Ресейдің «Росатом» корпорациясымен серіктестікте тұрғыу жоспарланып отыр. Қалған екі АЭС құрылысын Қытай жүргізеді.
Әлем бойынша барланған уран қорының шамамен 14%-ы Қазақстанда шоғырланған. Еліміз аталмыш кеннің көлемі бойынша әлемде екінші орында тұр. Алайда әлемдік атом энергиясы агенттігініңзерттеуінше, Қазақстандағы уран мөлшері тек 2040 жылға дейін жетуі мүмкін. 2036 жылы іске қосылатын алғашқы қазақстандық АЭС үшін жергілікті уран кені қолданылады. Сол кезде елде отын жеткілікті деңгейде бола ма, бұл сұрақ басы ашық күйінде қалып отыр.

