Қазақстанда тоғыз жылу электр орталығы қызыл тәуекел аймағынан сарыға көшті.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, қазір елімізде ауқымды жөндеу науқаны жүзеге асып жатыр.
Осы жылы 10 энергоблокта, 63 қазандықта және 39 турбинада күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.
«Бұл жұмыс нәтиже берді. ЖЭО-ның орташа тозуы ел бойынша 61%-ға дейін төмендеді. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша 9 ЖЭО қызыл тәуекел аймағынан сарыға, 3 ЖЭО сарыдан жасыл аймаққа көшті», — дейді министр.
Бұған дейін Оралда жылу құбырларын жаңартуға бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінгенін жазған едік.
Реконструкциялау жұмысы 2025-2026 жылғы жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқталады.
Фото: Үкімет

