Қазақстанда бір жылда 75 мың әйел жасанды түсік жасатқан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова хабарлады.
Министрдің айтуынша, жоспаранбаған жүктіліктің алдын алу – әйелдердің өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған маңызды шара. Ведомство аборттардың алдын алу үшін әлеуметтік осал топтағы әйелдерді тегін контрацептивтермен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
«Қазақстанда жыл сайын 75 мың аборт жасалады. Біз бұл көрсеткішті азайту үшін заманауи әдістерді қолдануымыз керек, себебі әрбір аборт – әйел өміріне және денсаулығына төнетін қауіп», – деді министр.
Қазір жергілікті атқарушы органдар мен емханалар өз бюджеті есебінен контрацептивтер сатып алып, әлеуметтік осал топтағы әйелдерге таратуды бастаған.
Үкімет брифингінде Әлназарова аборттарға тыйым салу туралы сұраққа да жауап берді.
«Аборттарға тыйым салу мәселесі талқыланған жоқ. Біз жоспарланбаған жүктілік мәселесін шешуде өркениетті әдістерді таңдаймыз», – деді ол.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

