Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда жыл басынан бері қаржы пирамидаларына қатысты 68 қылмыстық іс тіркелді
Наргиза Ерес sarapshy.info 09/12/2024

Қазақстанда жыл басынан бері қаржы пирамидаларына қатысты 68 қылмыстық іс тіркелді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) жыл басынан бері қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеді. Пирамидалар кесірінен адамдар 20 миллиард теңгеден астам шығынға батқан. Оның ішінде 13 миллиард теңгеден астам қаражат мемлекетке қайтарылды.

Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтық жобалардың өмірлік циклін қысқарту және оларға тартылған салымшылар санын азайту мақсатында «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасын іске қосты.

2024 жылғы ресми дерек бойынша:

  • Интернет кеңістікте 47 қаржы пирамидасы анықталды;
  • Әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылып, шамамен 2 миллионға жуық әлеуетті салымшы тіркелді;
  • Қаржы пирамидаларының белгілері бар 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталды.

Қаржы пирамидаларының негізгі белгілері

  • Тәуекелсіз және күш-жігерсіз жоғары табыс уәде ету;
  • Жаңа клиенттерді міндетті түрде тарту қажет екені;
  • Интернетте белсенді жарнама жүргізу;
  • Қазақстан Республикасында тіркелмеу немесе жақында ғана тіркелу;
  • Заңдық сүйемелдеудің болмауы (шарттың болмауы немесе тараптардың міндеттемелерсіз келісім жасауы);
  •  Салымдарды қолма-қол ақшамен, криптовалюта арқылы немесе банктердің қатысуынсыз төлем жүйелері арқылы қабылдау.

«Baiqa, piramida!» Telegram-боты іске қосылды

Агенттік қаржы пирамидаларын ерте анықтау мақсатында «Baiqa, piramida!» Telegram-ботын іске қосты. Бұл құрал арқылы азаматтар компанияның қаржы пирамидасына жататын-жатпайтынын тексере алады.

Шетелдік қаржы пирамидалары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

ҚМА мәліметінше, биыл 73 мың аудиториясы бар 7 ірі шетелдік жоба бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Eolus, Ниса, GPIBS, Дари получай, Чароит, Carhomi, Beefre). Eolus пирамидасы бойынша сот үкімі шыққан. 

Оларды толығымен жою үшін Агенттік қаржы пирамидаларын ұйымдастырды деген күдіктілердің орналасқан жері жайлы ақпаратты ТМД-дағы әріптестеріне де бөлісті. 

«Қаржы пирамидалары әлі де қаржылық инвестициялар саласындағы қылмыстық көріністің ең қауіпті модельдерінің бірі. Олардың таралуы азаматтардың қаржылық жағдайына нұқсан келтіреді», — дейді ҚМА Баспасөз қызметі.  

Сондай-ақ қаржы пирамидасын құрғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.

Сурет: Руслан Пряников

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Baiqa «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы piramida! Қаржы пирамидасы Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық іс ТМД
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.