Тамыз айында Қазақстанға 2022–2024 жылдарға тиесілі көрсеткіштен бірнеше есе көп 4 мың данаға жуық жел генераторы жеткізілген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректері негізінде белгілі болды.
2025 жылдың 8 айында жел энергиясына арналған электрогенераторлық қондырғыларының импорты 6,4 мың данаға жетіп, соңғы бес жылдың (2020–2024) нәтижесімен теңесті.
Күрт өсімнің бір себебі — шағын және арзанырақ генераторларды сатып алу. Тамызда импортталған 4 мың құрылғының әрқайсысының орташа салмағы шамамен 1 тонна, ал бағасы – 5,9 мың доллар. Барлығы Қытайдан жеткізілген.
Салыстырмалы түрде, шілдеде Қазақстанға 468 дана генератор әкелінген. Алайда олардың орташа салмағы – 13 тонна, ал бағасы 63 мың долларды құрайды.
Қазір Батыс Қазақстан облысының аумағында қуаты 50мВт болатын жел станциясы салынып жатыр. Жаңа ЖЭС-тің құны — 15 млрд теңге.
фото: freepik.com

