Жеке тұрғын үй иелері автономды оптикалық-электрондық өрт хабарлағыштарын орнатуға міндеттеледі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Түтін датчиктерін сатып алу мен орнатуға үй иесінің жеке қаражаты жұмсалады.
Ал көпқабатты үйлерде автоматты өрт дабылы жүйелерін орнату құрылыс нормаларына енгізілген өзгерістер арқылы міндеттелді. Енді жобаланатын барлық үйлде автоматты өрт дабылы, ал табиғи газ пайдаланылатын өңірлерде газдану деңгейін бақылау жүйелері орнатылуы керек.
Аталмыш өзгеріс өртті уақтылы анықтауға, адам өлімінің алдын алуға және материалдық шығынды азайтуға көмектеседі.
фото: freepik.com

