Тоқаев үкіметке Жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырды.
Бүгін президент кезекті жолдауы аясында жоба-жоспарларын ұсынып жатыр.
«Қазіргі құзырлы министрліктің негізінде жасанды интеллект пен цифрлық дамуға жауапты ведомство болуы тиіс. Оны премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек», — деді ол.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан үш жыл ішінде жаппай цифрлық ел болуы керек.
Фото: Ақорда
Автор
-
Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.
Барлығын қарау

